Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүрек жұмысын жақсартатын жаңғақ түрлерін білесіз бе

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Жаңғақты күнде жеген адам жүрек ауруларына көп шалдықпайды. Әсіресе, грек пен бадам (миндаль), пісте (фисташка) жаңғағының жүрекке пайдасы мол. Жаңғақтың жүрек ауруларына әсері мен пайдасы жайлы зерттеу жүргізген АҚШ ғалымдары осындай тұжырымға келген деп жазады Qadam.asia.

Зерттеушілердің мақаласы Америка колледжі журналында жарияланған. Онда ғалымдардың 13 мың адамды тәжірибеге алып, олардың тамақ рационы мен созылмалы ауруларының бар не жоғы тексергені жазылған. Жүрек  ауруларына инсульт, атеросклероз, миокард, қан қысымы мен ишемиялық аурулар және қант диабеті жатады.

Зерттеу нәтижесі жаңғақ адамның қан айналымын жақсартып, артериалды қысымды реттейтінін көрсетіпті.

"Нашар" холестериннің деңгейін азайтып, "жақсы" холестериннің деңгейін көтереді. Ал қан диабеті мен жүрек ауруларына әкелетін нәрсе – бұл холестерин екенін ұмытпаған жөн.

Жаңғақтың құрамында жүрекке қажет, пайдалы ақуыз, дәрумен, минерал мен жасұнық, антиоксидант мол.

Сол себепті зерттеушілердің сөзінше, адам жаңғақты күнделікті жеп жүргені абзал. Бірақ көп емес. Арасында тіс басар ретінде не салатқа сап жеп тұрған жөн.

Зерттеушілер әсіресе, грек пен бадам, пісте жаңғағының жүрекке пайдасы мол екенін атап өтті. Грек жаңғағында Омега-3 майы, миндаль мен пістеде антиоксидант көбірек. Пістенің құрамында жүрек жұмысына өте қажет калий минералы көп жинақталған.

"Жаңғақты шикі күйде, яғни, табиғи күйінде жеген дұрыс. Сонда пайдалы, құнарлы болады. Бірақ жатарда жеуге болмайды. Фитин қышқылы бар тағамдармен бірге қосып та жеуден  аулақ болу керек. Өйткені фитин қышқылы жаңғақтың құрамындағы минералдардың ағзаға сіңуіне кедергі жасайды", — дейді АҚШ ғалымдары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1915964-zurek-zumysyn-zaqsartatyn-zangaq-turlerin-bilesiz-be/

pixel