Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Диана ханшайымға ұқсайды": 70-жылдарды еске салатын көрікті бойжеткен көпшілікті тәнті етті

Опубликовано:

Роуз
Фото: Instagram / rosenoraanna

70-жылдарды еске салатын көрікті бойжеткен әлеуметтік желіде ерекше танымалдыққа ие болуда деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Ретро-стиль бүгінгі күнге дейін өз табынушыларын жоғалтқан емес. Киіну стилі мен ерекше шаш үлгісінің арқасында 70-жылдарды еске салатын көрікті бойжеткен Роуз Ван Рийн бұған дәлел бола алады.

Арудың Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына бүгінгі күнде 86 мыңнан астам адам жазылып үлгерген.

Роуз
Фото: Instagram / rosenoraanna

Роуз "ABBA" тобының ескі пластинкасын тауып алып, оның мұқабасындағы орындаушылардың стиліне тәнті болады. Ол сол күннен бастап шаш үлгісі мен киімдерін түбегейлі өзгерткен.

Ару
Фото: Instagram / rosenoraanna

Бүгінде бойжеткенді Диана ханшайымға ұқсатып жүрген желі қолданушылары жетерлік.

Роуз сәннен шыққан киімдерді де жарастырып киюге болатынын айтады. Бойжеткен әр адам өзіне ұнайтын, жүрегіне жақын киімді киіп, өзгелердің пікіріне көп көңіл бөле бермеу кереткігін алға тартты.

Айтуынша, бастысы әр нәзік жанды өз талғамынан ләззат алып, өзін бақытты сезіне білуі керек.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлыбританияда өз-өзіне тұрмысқа шығып, той жасаған әйел "бақытты некесінің" 11 жылдығын атап өткенін жазған едік.

2010 жылдың мамырында ол той көйлегін сатып алып, қымбат лимузин жалдап, 16 қонақты тойына шақырады. Шіркеуге әйелді оның сексендегі әкесі ертіп алып барып, ол өз-өзіне серт берген. Әйел тойға 1130 долларын сарп еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1916049-diana-xansaiymga-uqsaidy-70-zyldardy-eske-salatyn-korikti-boizetken-kopsilikti-tanti-etti/

pixel