Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гарри ханзада мен Меган Марклдың екінші баласы дүниеге келді

Опубликовано:

Меган мен Гарри
Фото: Dan Kitwood / Getty Images

Гарри ханзада мен Меган Маркл қызды болды. Олар баласына Лилибет Диана Маунтбеттен-Виндзор есімін берді деп хабарлайды РБК.

Олар дүние есігін жаңа ашқан қызына II Елизавета патшайым мен Диана ханшайымның құрметіне Лилибет Диана деген есім берген. Меган Калифорния госпиталінде босанды. Гарри мен Меган Марклдың қызынан бөлек, екі жасар Арчи есімді ұлы бар.

Sky News телеарнасының мәліметінше, Меганның да, қыз баланың да жағдайы жақсы.

Белгілі болғандай, Лилибет деген есіммен II Елизавета патшайымды атап келген екен. Осылайша арғы әжесінің есімін алған Лилибет 4 маусым күні дүние есігін ашқан.

Ал жұптың тұңғышы Арчи Гаррисон Маунтбеттен-Виндзор 2019 жылдың 6 мамырында дүниеге келген болатын. БАҚ-тың мәліметеріне сенсек, Маркл тұңғышын үй жағдайында босанғысы келген. Алайда баласы мерзімінен бұрын дүниеге келгендіктен, дәрігерлер Меганды ауруханада босандыруды ұйғарған. Лилибет те үй жағдайында емес, Санта-Барбара госпиталінде дүниеге келіп отыр. Қыз баланың салмағы - 3,5 келі.

Еске салсақ, бұған дейін Гарри ханзада мен Меган Маркл екінші сәбиін күтіп жүргенін жазған едік.

Гарри ханзада мен Меган Марклдың жақын досы әрі фотографы болып келетін Мисан Харриман әлеуметтік желіде жұлдызды жұптың ерекше суреттерімен бөліскен болатын. Фотода герцогиняның аяғы ауыр екені байқалады.

Ерлі-зайыптылардың екінші сәбиі II Елизавета патшайымның оныншы шөбересі болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1916366-garri-xanzada-men-megan-markldyn-ekinsi-balasy-duniege-keldi/

pixel