Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордалық кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсібін жандандыруда

Опубликовано:

«Жетіген Саз аспаптары» шеберханасы
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі

Қызылорда қаласында мемлекеттік бағдарламалар арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жобаларды сүйемелдеу, қолдау көрсету, түсіндіру, насихаттау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Нәтижесінде 2021 жылдың өзінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдараламасы бойынша «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жалпы құны 207 млн. 540 мың теңгені құрайтын 23 жоба қаржыландырылған.

Қызылорда қаласындағы «Еңбек» мемлекеттік бағдараламасынан қолдау тапқан кәсіпкерлік нысанның бірі «Жетіген Саз аспаптары» шеберханасы. Қала мен аудан өнерпаздарын қажетті музыкалық аспаптармен қамтамасыз етіп жүрген қызылордалық азамат Біржан Ділманов 2019 жылы аталған бағдарлама арқылы 14,0 млн.теңге қаражат алып, өз кәсібін бастаған. Шебер өз кәсібі арқылы 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Домбыра
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі

Қызылордалық азамат Нұржан Қыстаубаев та 2019 жылдан бастап жиһаз жасап, оны қалада сауда орындарына және алыс-жақын шетелдерге сатылымға шығарумен айналысып келеді.

Кәсіпкерге бұл саладағы алғашқы қадамын жасауға «Еңбек» мемлекеттік бағдараламасы септігін тигізді.

Аталған бағдарлама негізінде 15 млн. теңге несие алып, жиһаз цехын әр түрлі формадағы ағаш өнімдерін дайындауға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы құралдармен жабдықтаған.

Бүгінде кәсіпкерлік нысанда 6 адам тұрақты жұмыс істейді.

Жиһаз цехы
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі

Қала тұрғыны Назым Анарбекқызы да мемлекеттік бағдарлама игілігін көріп отырған жас кәсіпкер. Ол 2019 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдараламасымен 10,0 млн.теңге қаражат алып, отбасылық кәсіпті қайта жандандырды.

Бөлінген қаражатты бокс салуға және өнімдерді тұтынушыға жеткізіп беру үшін жүк көлігін, басқа да техникаларды алуға бағыттаған. Бүгінде «Брусчатка KZO» ЖК 10 адамды жұмыспен қамтуда.

Өнімділікті арттыруды мақсат еткен жас кәсіпкер күніне брусчатканың 60 шаршы метрден 100 шаршы метрге дейінгі аралықта шығарады.

Брусчатка
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі

Құрылысқа қажетті әк және пескоблок өнімдерін шығарумен айналысатын «Орда Инвест» ЖК 2013 жылы жұмысын бастаған.

Кәсібін кеңейту мақсатында 2019 жылы мемлекеттік бағдарлама арқылы 8,3 млн.теңге қаражат алып, қазіргі таңда күніне 3-5 тонна көлемінде әк, 1000-1200 дана пескоблок өндіруде.

Бүгінде 13 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Пескоблок
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі

Бұдан бөлек, Қызылордада «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жалпы құны 6,2 млрд. теңгені құрайтын 357 жоба қолдау тапқан.

«Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бағдарламасы бойынша басымдық берілген жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы іске асырылған мерзімнен бері қала бойынша жоба құны 17,0 млн теңгені құрайтын 1 жоба қаржыландырылса, екінші деңгейлі банктерде 640,0 млн.теңгені құрайтын 3 жобаның құжаттары әзірленуде.

Айта кету керек, 2021 жылы Қызылорда қаласында 26 мың 358 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Облыс бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 45,5%-ы Қызылорда қаласының үлесінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1916631-qyzylordalyq-kasipkerler-memlekettik-bagdarlamalar-arqyly-kasibin-zandandyruda/

pixel