Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қандай балмұздақ пайдалы: Диетолог кеңесі

Опубликовано:

Балмұздақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейлік диетолог-дәрігер Елена Соломатина адам денсаулығына зиян келтірмейтін балмұздақты қалай таңдауға болатынын және күніне қанша данасын жеу керектігін айтты деп хабарлайды Sputnik радиосы.

Медицина ғылымдарының кандидаты балмұздақтың құрамына баса мән беру керектігін айтады. Өйткені оған қантты көп қосады әрі майы да аз емес. Ал ондай балмұздақты қауіпсіз десерт деп айтуға болмайды.

"Балмұздақтың пайдалы және өте зиянды түрі бар. Барлығы құрамына байланысты. Балмұздақтың құрамында ингредиенттер саны мейлінше аз болғаны жақсы", - дейді Соломатина.

Диетологтың сөзінше, балмұздақ таңдағанда табиғи өнімнен жасалған түріне баса мән беру керек.

"Балмұздақтың ең пайдалы түрі - сорбет. Бұл өнім табиғи шырыннан жасалады. Оның құрамында қанттың болмағаны жөн", - дейді дәрігер.

Осы ретте диетолог егер тым көп жесе тіпті, ең пайдалы балмұздақтың өзі зиянды болуы мүмкін екенін айта кетті. Оның айтуынша, дені сау адамға күніне бір порция балмұздақ жесе жеткілікті.

"Табиғи балмұздақты жеуге болады. Бірақ оны тым көп жемеу керектігін есте ұстаған жөн. Балмұздақ - бұл десерт және онда қант мөлшері көп. Ал пломбирде май көп. Дені сау адам үшін күніне бір порция жеткілікті. Ал кейбіреулерге мүлдем балмұздақ жеуге болмайды.

Мәселен, қант диабетімен ауыратындар адамдарға, асқазан-ішек жолдары ауыратындарға, артық салмақпен күресіп жүргендерге жеуге болмайды. Ал қалғандарына күніне тек бір ғана балмұздақ жеу керек", - деп түйіндеді Елена Соломатина.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1916870-qandai-balmuzdaq-paidaly-dietolog-kenes-berdi/

pixel