Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Он ай бойы комада жатып, қыз босанған әйел ақыры есін жиды (фото)

Опубликовано:

Сәби
Көрнекі сурет: pixabay.com

Италияда 37 жастағы әйел он ай бойы комада жатып, қыз босанды. Дәрігерлер оны жүктіліктің жетінші айында кесар тілігімен босандырып алған деп хабарлайды ВВС.

37 жастағы Кристина Рози өткен жылдың шілдесінде жүрек талмасына ұшырап, комаға түседі. Жүктіліктің небәрі жетінші айында болған әйелге дәрігерлер дереу кесар тілігін жасап, әйелдің Кэтрин есімді қызы дүниеге келген. Алайда Кристинаның өзі миына зақым келгендіктен, комадан сол күйі шықпай қалады.

Кристина
Фото: CRISTINA ROSI/ FACEBOOK

Он ай бойы комада жатқан әйел ақыры есін жиғанда оның күйеуі мен анасы өз көздеріне сенбей, қатты қуанған. Олар сол қуанышты сәтте Кристинаның қасынан табылған.

"Бұлай болады деп күтпедік. Қаншама қиындықтарды еңсергеннен кейін қуанышымызды сөзбен айтып жеткізу қиын", - дейді Кристинаның күйеуі Габриэле Суччи.

Сәуірде Кристина Австрия клиникасына ауыстырылып, қалпына келуі үшін қажет ем-домды бастап кеткен.

Мейірімді жандар әйелдің еміне қажетті қаражатты жинап берген - отбасы көпшіліктен Кристинаның аяқтан тұруы үшін қажет 170 мың еуро ақшаны жинай алған.

"Кристина комадан кейін адам танымастай күйге түсті", - дейді Габриэле Суччи.

Ол әйеліне түтік арқылы дәрі беріліп жатқанын, алайда жақын арада оның аяғына тұрып кететіне сенімді.

Ерлі-зайыптылардың сәбиі Кэтрин де оттегінің жеткіліксіздігінен қиналып қалғандықтан, бірнеше ай бойы ауруханада жатуға мәжбүр болған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1917936-komada-on-ai-boiy-zatyp-qyz-bosangan-aiel-aqyry-esin-zidy-foto/

pixel