Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таңертең аттестат алу үшін мектепке кеткен қыздың денесі орманнан табылды

Опубликовано:

қыз1
Көрнекі фото: pixabay.com

Қырғызстанның Кемин ауданында 16 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен көршісі ұсталды деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Шу облысы іскі істер басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 маусым күні сағат 17:15-те милицияға орманнан зорлықпен өлтірудің белгісі бар қыздың денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

Құқық қорғаушыларға сағат 17:30-да әйел адам жүгініп, 2005 жылы туған қызының таңертең үйден шығып кетіп, сол күйі оралмағанын айтқан. Нәтижесінде милиция өлтірілген жасөспірімнің арызданған әйелдің қызы екенін анықтаған.

Милиция келіншектен жауап алған. Ол таңғы сағат 8:30-да қызының аттестат алу үшін мектепке кеткенін айтқан. Шамамен сағат 10:59-да қызы көршісінің телефонымен хабарласып, учаскедегі суғару жұмысын аяқтаған соң үйге келетінін жеткізген. Алайда жасөспірім сол күйі оралмаған.

Кәмелет жасына толмаған қызды өлтірді деген күдікпен бұған дейін бұзақылық және алаяқтық үшін сотты болған 42 жастағы ер адамды ұсталды.

Тәртіп сақшылары сағат 11:00-де қыздың анасына қоңырау шалу үшін көршісіне жүгінгенін анықтаған. Ер адамның сөзінше, содан кейін қыз көршісінен ақша сұраған. Ал ол болса оңтайлы сәтті пайдаланып, жасөспірім қызға тиісе бастаған.

"Қыз айқайлай бастаған, қорқып кеткен күдікті оны тұншықтырған. Содан кейін ол көршісінен көлік сұрап алып, қылмысын жасыру мақсатында денені орманға апарып тастаған", - дейді құқық қорғау органының қызметкерлері.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалған. Күдікті Кемин ауданындағы уақытша ұстау изоляторында отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918872-tanerten-attestat-alu-usin-mektepke-ketken-qyzdyn-denesi-ormannan-tabyldy/

pixel