Суық күнде неге аяқ-қол қақсайды
Жарияланған күні:
Әке-шеше, апа-атамыздың "аяғым мен саусағым қақсап бастады, бүгін күн бұзылатын сияқты" дегенін жиі естідік. Болжамы айдай келіп, не жаңбыр жауады, не күн суытады. Мұның сыры неде екенін Qadam.asia анықтап көрді.
Басылым мәліметінше, күн бұзылса, қол-аяқ қақсап, сыздап қоя беретінін ежелгі дәрігерлер де байқаған. Мәселен, көне грек ойшылы Гиппократ біздің дәуірімізге дейінгі 400 жыл бұрын-ақ осы құбылысты сипаттап, еңбек жазып кетіпті.
Алайда ғылымда бұл құдіреттің сыры әлі жұмбақ. Тек гипотеза мен болжам ғана бар. Зерттеушілердің бір тобы күн суытқанда, атмосфрералық қысым төмендейтінін, ал қысым төмендеген кезде буынды қоршап жатқан сары судың сығылатынын айтады. Сол сәтте жүйке жүйесі тітіркендіріп, ауру мен сыздау пайда болады дейді олар.
Ауа қысымы төмендеген уақытта адамның дене қысымы да төмендейді. Содан буын мен сіңірдегі көмірқышқыл газы сығылып, сүйекті шырмап жатқан жүйке жүйесіне әсер етеді. Аяқтың, әсіресе, жарақат алған тұстың қақсап кететіні содан.
Ал зерттеушілердің тағы бір тобы "ауа температурасы түскен кезде бұлшықет ширайды, сол ширау сүйекті қысып, жарақат алған тұсы қатты ауырсынуы мүмкін" деген ой айтады. Қалай десек те, бұл екі тұжырым да тек гипотеза. Әлі зерттеу мен тәжірибе жүзінде дәлелденбеген.
Бірақ күн суытып, аяқ-қол қақсағанда арнайы дәрінің көмектеспейтіні дәлелденген. Тағы бір айта кетерлігі, адам қанша күн суытпайтын, ыстық жерге қоныс аударды дегеннің өзінде бұл дерт қайтпайды.Себебі адам ағзасы жаңа мекенге үйренісіп алады да, сигнал берудің тағы бір жолын тауып алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1920562-suyq-kunde-nege-ayaq-qol-qaqsaidy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.