Күніне қанша қарбыз жеуге болады және кімге қарбыз жемеген абзал: Дәрігер кеңесі
Жарияланған күні:
Қарбызды шілденің ортасында сатып алған дұрыс па, күніне қанша қарбыз жеуге болады және кімге қарбыз жемеген абзал. Бұл сұрақтарға Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ольга Шарапова жауап берді деп хабарлайды "Доктор Питер" басылымы.
Қарбыздың пайдасы көп. Оның құрамында А, В6 және С дәрумендері, сонымен қатар, денсаулыққа пайдалы фитонутриенттер бар.
Қарбыз ыстық ауа райында ағзадағы сұйықтықты толтыруға және дене ылғалдылығын реттеуге көмектеседі.
Ольга Шарапованың айтуынша, қарбыздың қан қысымын төмендетуге де жақсы көмегі бар.
"Қарбызда судың көп болуы шөлді басуға жақсы көмектеседі. Ол 90% судан тұрады. Сондай-ақ, қарыңыз ашып тұрғанда қарбыздың пайдасы мол. Қарбыз адамның қан тамырларына да өте пайдалы және қан қысымын төмендетеді. Сонымен бірге, барлық токсиндерді денеден шығарады", - дейді Ольга Шарапова.
Маманның сөзінше, қарбыз ағзадағы магний, фосфор, кальций және натрийді толықтырады. Әрі қарапайым судан артықшылығы - ағзадағы электролиттердің шығынын толтыруға септігін тигізеді. Десе де, қарбызды кейбір адамдарға жемеген абзал дейді дәрігер.
"Біз қарбызды диарея, несеп ауруы, атеросклероз және қуық асты безі аденомасымен ауыратын адамдарға шектеулі мөлшерде жеуге кеңес береміз. Жүрек-қантамыр жүйесі патологиясы кезінде де қарбыз жеу ұсынылмайды", - дейді Шарапова.
Қарбызды қай уақытта жеген дұрыс-дәрігердің үш кеңесі:
Ең дұрысы - қарбызды таңертең жеу керек, 200-300 грамнан артық қарбыз жеу ұсынылмайды.
Асқазан-ішек жолындағы проблемаларды болдырмау үшін қарбызды өзге тағамдардан бөлек жеген дұрыс.
Қарбызды нағыз піскен шағында яғни тамыз айында жеген абзал. Бұл уланудың немесе ең болмағанда өткір ішек ішек инфекциясының алдын алуға көмектеседі дейді маман.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1922666-kunine-qansa-qarbyz-zeuge-bolady-zane-kimge-qarbyz-zemegen-abzal-dariger-kenesi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.