Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалаң аяқ жүру денсаулыққа пайдалы ма

Опубликовано:

Ер адам
Фото: pexels.com

Жалаң аяқ жүрудің денсаулыққа пайдалы екенін қазіргі күнде біршама зерттеу дәлелдеді деп хабарлайды Massaget.kz.

Ғалымдардың сөзінше, адам жүйке жүйесінің басым бөлігі  қос табанда орналасқан. Дене мүшелерінің барлығы дерлік нүктесі табанда жатыр. Жазда күн ыстықта жалаң аяқ жүрген адамның табанына жылу еніп, жүйке жүйесін тыныштандырады, дейді олар. Адамның аяқ бұлшықеті мен буынына жылу барып, денсаулық шынығады.

Сонымен қатар, жалаң аяқ жүрудің тағы бір пайдасы – ортопедиялық жағымды әсері.

Аяқ киімсіз жүрген уақытта адамда амортизация алған табанның "табиғи ізі" қалпына келеді. Табанның бунақтары реттеледі. Табиғи қалпына келген табан аз шаршайды. Содан буын мен бұлшықет қатайып, дене қозғалысы жақсарады.

Жалаң аяқ жүрудің басқа да пайдасы:

  • Табанның аяқ киімнен жиырылып қалған бұлшықеттері қалпына келіп, сан мен мықынның, тізе буындарының жұмысы жақсарады.
  • Адамның "жаяу жүру" қабілеті артады.
  • Дене тепе-теңдігі орнайды, координация жақсарады.
  • Табанның деформациясы реттеледі, әсіресе, майтабандарға жақсы.

Жалаң аяқ жүрген кезде ескерер бірнеше жайт бар. Біріншіден, жалаң аяқ жүруді ақырындап бастау қажет. Үнемі жүріп-тұруға тырысқан абзал.

Одан кейін таза жермен жүруге тырысқан жөн. Лас жермен жүріп, аяқты қанатып, паразит жұқтырып алу қаупі бар. Сол себепті инфекциядан барынша алыс жүрген дұрыс.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1922900-zalan-ayaq-zuru-densaulyqqa-paidaly-ma/

pixel