Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2021 жылы iPhone-ға түсірілген әлемдегі ең үздік фотосуреттер анықталды

Опубликовано:

Бақташылар
Фото: Иштван Керекес/IPPAWARDS

Жыл сайын өтетін iPhone Photography Awards байқауының 2021 жылғы жеңімпаздары анықталды деп хабарлайды "Газета.Ru" басылымы.

Айта кетерлігі, аталмыш байқауда алғаш рет ресейлік фотограф жүлделі орынға ие болып отыр - Татьяна Мерзлякова "Саяхат" номинациясында Териберка ауылындағы солтүстік шұғыланы суретке түсіріп, марапатқа ие болды. Аталмыш сурет IPhone 12 Pro Max-пен 2021 жылдың ақпанында түсірілген.

Солтүстік шұғыла
Фото: Татьяна Мерзлякова/IPPAWARDS

Ал венгриялық фототілші Иштван Керекеш "Трансильваниялық бақташылар" суреті үшін Гран-при иеленіп, "Жыл фотографы" атанды. IPhone 7-мен түсірілген фотосуреттен екі бақташының кәсіпорын маңында тұрғанын көруге болады.

Бақташылар
Фото: Иштван Керекес/IPPAWARDS

iPhone Photography Awards 2021 байқауына әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған адам өз суреттерін жолдаған.

Суреттер
Коллаж: IPPAWARDS

"14-ші жыл сайынғы жүлде қайғы мен жалғыздық жылында түсірілген фотосуреттерге беріледі, десе де жаһандық пандемияға қарамастан, барлық жеңіске жеткен фотосуреттер адам рухының сұлулығын, үміті мен табандылығын шебер бейнелейді", - деп хабарланды IPPAWARDS жүлдесінің ресми сайтында.

Байқау шарты бойынша, сурет iPhone-ға түсіріліп, тек iOS қосымшасы арқылы өңделуі тиіс. Фотошопқа қатаң тыйым салынған.

Сонымен, жүлдеге ие болған суреттерге көз жүгіртелік:

"Жыл фотографы" номинациясының жеңімпазы Шаран Шеттидің "Жанасу" атты суреті.

Жанасу
Фото: Шаран Шетти/IPPAWARDS

"Жыл фотографы" номинациясында екінші орын иеленген Дэн Людің "Марстағы серуен" суреті.

Марс
Фото: Дэн Лю/IPPAWARDS

"Абстракция" санатының жеңімпазы Гленн Хоманның суреті.

Абстракция
Фото: Гленн-Хоманн/IPPAWARDS

"Жануарлар" санатының жеңімпазы Лайла Баккердің суреті.

Жануар
Фото: Лайла Баккер/IPPAWARDS

"Сәулет" санаты бойынша жеңімпаз Юэсян Ванның суреті.

Сәулет
Фото: Юэсян Ван/IPPAWARDS

"Балалар" санаты бойынша жеңімпаз Донг Вэйдің суреті.

Балалар
Фото: Донг Вэй/IPPAWARDS

"Қоршаған орта" санаты бойынша жеңімпаз Эйнат Штеклердің суреті.

Қоршаған орта
Фото: Эйнат Штеклер/IPPAWARDS

"Пейзаж"санаты бойынша жеңімпаз Личжи Ванның суреті.

Пейзаж
Фото: Личжи Ван/IPPAWARDS

"Өмір салты" санаты бойынша жеңімпаз Махабуб Хоссейннің суреті.

Өмір салты
Фото: Махабуб Хоссейн Хан/IPPAWARDS

"Табиғат" санаты бойынша жеңімпаз Кристиан Хорганың суреті.

Табиғат
Фото: Кристиан Хорган/IPPAWARDS

"Өзге" санаты бойынша жеңімпаз Зерри Сонгтың суреті.

"Өзгеше сурет"
Фото: Зерри Сонг/IPPAWARDS

"Адамдар" санаты бойынша жеңімпаз Кристиан Хорганның суреті.

Адам
Фото: Кристиан Хорган/IPPAWARDS

"Портрет" санаты бойынша жеңімпаз Кристен Крэбтридің суреті.

Портрет
Фото: Кристен Крэбтри/IPPAWARDS

"Натюрморт" санаты бойынша жеңімпаз Кункун Людің суреті.

Натюрморт
Фото: Кункун Лю/IPPAWARDS

"Күннің батуы" санаты бойынша жеңімпаз Клэр Дропперттің суреті.

Күннің батуы
Фото: Клэр Дропперт/IPPAWARDS

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1923569-2021-zyly-iphone-ga-tusirilgen-alemdegi-en-uzdik-fotosuretter-anyqtaldy-foto/

pixel