Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатерлі ісік тудыратын меңді қарапайым меңнен қалай ажыратуға болады: Дерттің 5 белгісі

Жарияланған күні:

Мең
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қатерлі ісік тудыратын меңді қарапайым меңнен ажыратуға мүмкіндік беретін бес белгіні "Доктор Питер" басылымы назарға ұсынды.

Меңнің қатерлі екендігін аңдататын бес белгі келесідегідей.

  1. Меңнің асимметриялы болғаны қауіпті. Егер оның пішіні өзгеріске ұшыраса, онда сақтану қажет;
  2. Меңнің қырлы, үшкір әрі тегіс емес болуы да күмән тудырады. Әдетте қалыпты меңнің шеттері айқын және анық болады;
  3. Түрлі түсті мең. Қалыпты мең бір түсті болуы керек;
  4. Меңнің үлкендігі - әдетте қауіпті меңнің диаметрі 6 мм-ден асады. Дәрігерлер ені бойынша өсіп жатқан мең қандай да бір аурудың белгісі болуы мүмкін екенін ескертеді;
  5. Меңнің көлемі күрт өзгере бастаса, бұл да күдік тудырады.

Сонымен қатар, егер мең қышыса, қанай бастаса немесе ерекше жылтыр болса, дәрігерге жүгіну қажет.

Қатерлі ісік тудыратын меңдерді заманауи диагностикалық әдістермен тез анықтауға болады. Десе де, мең шыққанға шошып, онкологқа көрінуге асығудың қажеті жоқ - алғашында тері-венерологиялық диспансердегі дерматологқа жүгінуге болады.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлыбританияда бойжеткен жылдар бойы тырнағы қатерлі ісік салдарынан қарайып жатқанынан мүлде бейхабар болғанын жазған едік. Ол қарайған тырнағын лакпен жасырып келген.

Абырой болғанда, тырнақты алып тастау отасы сәтті өтіп, ол қауіпті дерттен аман қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1923958-qaterli-isik-tudyratyn-mendi-qarapaiym-mennen-qalai-azyratuga-bolady-derttin-5-belgisi/