jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қарайған тырнағын лакпен жасырып келген ару оның қатерлі ісік екенінен мүлде бейхабар болған

Тырнақ
Фото: SWNS

Ұлыбританияда бойжеткен жылдар бойы қарайған тырнағын лактың астында жасырып келген. Ол тырнағы қатерлі ісік салдарынан қарайып жатқанынан мүлде бейхабар болыпты деп жазады Metro.

Бірнеше жыл бұрын Алана Северс бас бармағындағы тырнағы өздігінен қарайып жатқанын байқайды.

Ол бұған аса мән берместен, тырнағының қарайғанын лакпен бояу арқылы жұрттан жасырып келген. Үш жыл бойы тырнағындағы қара жолақтың сол күйі кетпегені Аланаға ешқандай күдік тудырмаған.

Десе де, бір күні ол журналдардың бірінен қарайған тырнақ қатерлі ісіктің белгісі болуы мүмкін екендігі туралы мақаланы көріп қалады.

Бойжеткен
Фото: SWNS

Алана бұл мақала оның өмірін құтқарып қалғанын айтуда. Ол дереу тырнағын дәрігерге көрсетіп, қатерлі ісіктен одан әрі асқынуының алдын алған.

"Кішігірім қара жолақ болғасын мән бермеген едім. Осы мақаланы көзім шалып, аман қалғаныма қуанып жүрмін. Менде қатерлі ісік барына сене алмадым. Алайда дәрігерлер шұғыл түрде тырнағымды тексеріп, ақыры алып тастады", - дейді Алана Северс.

Портсмут ауруханасының дәрігерлері Аланаға тырнақ астында "меланома" барын, қатерлі ісіктің жасушалары қанға тарамай тұрғанда одан дереу құтылу керектігін айтқан.

"Үш жыл ішінде ісік қанмен бүкіл қолыма таралып кетпей, жолым болды", - дейді Алана.

Абырой болғанда, тырнақты алып тастау отасы сәтті өтіп, бойжеткен қатерлі ісіктен аман қалған.

Айта кетсек, бұған дейін мамандар мықындағы, омыртқа немесе аяқтың төменгі тұсында пайда болған ауырсынулар қуықасты безі қатерлі ісігінен хабар беруі мүмкін екен айтқан еді.

Қарайған тырнағын лакпен жасырып келген ару оның қатерлі ісік екенінен мүлде бейхабар болған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.