Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызанақты қашан және кімдерге жеуге болмайды: Бес пайдалы кеңес

Опубликовано:

Қызанақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Қызанақ жегенді ұнататындар үшін бес пайдалы кеңесті "Доктор Питер" басылымы назарға ұсынды.

Диетолог, нутрициолог Елена Кален қызанақтарға қатысты маңызды сұрақтарға жауап берді.

Қызанақты тоңазытқышта сақтау керек пе?

- Көптеген көкөністерді тоңазытқышта сақтау жақсы екендігі сөзсіз. Десе де, қызанақты үстел үстінде ұстау олардың әрі қарай пісуіне мүмкіндік береді. Қызанақты тоңазытқышқа тек толық піскен кезде ғана қою керек.

Қызанақ неғұрлым ірі болса, соғұрлым дәмді болады дегені рас па?

- Шын мәнісінде олай емес, бұған тікелей дәлел - черри қызанақтарының керемет дәмі. Олардың құрамында су аз, сондықтан олар көптеген ірі қызанақтарға қарағанда ерекше дәмді келеді.

Қызанақ улы келеді дегені рас па?

- Иә, піспеген жасыл қызанақтың қабығында қауіпті соланин болуы мүмкін. Алайда, пісіп жетілген қызанақта ешқандай улы зат жоқ.

Қызанақты кімдерге жеуге болмайды?

- Біріншіден, қызанаққа аллергиясы бар адамдарға жеуге болмайды, егер қызанақ жегеннен кейін қышу мен бөртпелер пайда болса, бұл көкөністі жемеген абзал.

Екіншіден, қызанақ оксолаттарға бай, сондықтан, бүйрегі ауыратындар үшін оксалаттардың ағзадан шығарылуы қиынға соғуы мүмкін. Бұл элементтер ағзада жинала бастаса, бұл бүйрек тастарының пайда болуына әкеледі.

Үшіншіден, қызанақтың құрамында қышқылдардың екі түрі бар - алма және лимон, олар асқазан-ішек жолдары ауыратын адамдарда қыжыл тудыруы мүмкін.

Қызанақты немен қосып жемеген абзал?

- Қызанақты түнде жемеген абзал. Қызанақтың құрамындағы "тирамин" қосылысы ми белсенділігін арттыруы мүмкін. Және бұл жағдайда ұйықтау қиын болады.

Қызанақтың ағзаға пайдасы көбірек болуы үшін оларды дәнді-бұршақты дақылдармен (үрмебұршақ, асбұршақ, жасымық, т.т.) араластырмаған дұрыс.

Сондай-ақ, қызанақты нан, жарма және картоптан бөлек жеген дұрыс.

Томаттар ірімшік, жаңғақ, шөптер және өзге де көкөністермен үйлесімді болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1924105-qyzanaqty-qasan-zane-kimderge-zeuge-bolmaidy-bes-paidaly-kenes/

pixel