Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ штаттарының бірінде үлкен құрт тәрізді тіршілік иелері қаптай бастады (фото)

Опубликовано:

Қосмекенді
Фото: COURTESY OF NOAH MUELLER

АҚШ-тың Флорида штатында Оңтүстік Америкадан келген үлкен құрт тәрізді тіршілік иелері қаптай бастады. Бұл туралы Флориданың жаратылыстану мұражайы ресми сайтында хабарлады.

Ұзындығы жарты метрдей құрт тәрізді тіршілік иесін алғаш рет Флоридадағы балық ресурстары мен жабайы табиғат департаментінің қызметкерлері байқаған.

Оның өлексесі мұражайға зерттеу жүргізуге жіберілген. ДНҚ талдауы оның кең басты құртша қосмекенді екенін көрсетті.

Бұл қосмекенділер Колумбия мен Венесуэлада кездесетін аяғы жоқ сұрғылт-қызғылт амфибиялар болып табылады. Бұл деректер Reptiles & Amphibians ғылыми журналында жарияланды.

Қосмекенді
Фото: COURTESY OF NOAH MUELLER

Көп ұзамай, Флорида жаратылыстану мұражайы герпетология бөлімінің директоры Коулмен Шиши (Coleman Sheehy) Америка Құрама Штаттарынан тағы бірнеше қосмекенді табылғанын мәлімдеді.

Ол құрт тәрізді тіршілік иелерін аквариумистер әкеліп, ен далаға жібере салған деп күдіктенеді. Табиғатта болғаннан кейін, бұл қосмекенділер көбейіп, Флоридада қаптай бастаған.

Аталмыш тіршілік иелері туралы мәліметтер өте аз, десе де олар адам үшін аса қауіпті емес деп саналады.

Құртша қосмекенді жыртқыштар қатарына жатқызылатындықтан, ұсақ жануарлармен қоректене бастауы мүмкін және өздері де үлкен жыртқыштардың жеміне айналуы ғажап емес. Алайда олар адамға шабуыл жасамайды деп сендірді мамандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1924724-aqs-stattarynyn-birinde-ulken-qurt-tarizdi-tirsilik-ieleri-qaptai-bastady-foto/

pixel