Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ "дельта" штамына байланысты локдаун енгізуден бас тартты

Опубликовано:

тәжвирус
Көрнекі фото: ria.ru

Америка билігі елде міндетті вакциналау талабын енізбейді. Сондай-ақ кең таралып жатқан "дельта" штамына байланысты локдаун енгізуден де бас тартты деп хабарлайды ТАСС.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псакидің айтуынша, тұрғындарды міндетті вакциналау идеясы федералды деңгейде талқыланып жатқан жоқ. Осылайша, билік қызметкерлерінен екпені талап ету-етпеу мәселесін жұмыс берушілердің өзіне қалдырып отыр.

Сондай-ақ АҚШ-та кең таралып жатқан "дельта" штамына байланысты локдаун енгізу де жоспарда жоқ.

"Біз 2020 жылдың наурыз айындағыдай локдаун енгізбейтінімізді нақты айттық. Біз тағы да экономиканы тұралатып қоймаймыз. Біз экономикалық бағытта өте көп прогреске қол жеткіздік". - деді Псаки.

Еске сала кетсек, бұған дейін пандемия басталғаннан бері АҚШ-та 4 миллионнан астам бала COVID-19 індетіне шалдыққанын жазған едік. Бұған америкалық Педиатрия академиясы мен балалар ауруханалары қауымдастығының есебі дәлел.

Хабарламада айтылғандай, өткен аптада балалар арасында 23,5 мыңнан астам вирус жұқтыру дерегі тіркелген. АҚШ-та COVID-19 инфекциясымен ауырғандардың жалпы санының 14,2% пайызын балалар құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1925290-aqs-delta-stamyna-bailanysty-lokdaun-engizuden-bas-tartty/

pixel