Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қауынды қалай таңдаған дұрыс: Бес пайдалы кеңес

Опубликовано:

Қауын
Көрнекі сурет: pixabay.com

Бүгінде көшеде қауын мен қарбыз көтеріп бара жатқан адамды жиі кездестіруге болады. Шілде мен тамыз айларында ас мәзіріндегі басты жемістердің біріне айналатын қауынды дұрыс таңдауға көмектесетін бес кеңесті "Хабар 24" назарға ұсынды.

Сонымен, қауынды таңдауда келесі бес жайтқа назар аудару қажет:

1. Дұрыс орын

Қауынды супермаркет, базар және дүкеннен алған дұрыс. Онда қауын қолайлы жағдайда сақталады. Жол бойынан алмауға тырысыңыз, себебі ол жол бойында зиянды токсиндерді сіңіруі ғажап емес.

2. Қауын қандай болуы керек?

Егер сіз дақсыз, ойығы жоқ бүтін қауын сатып алсаңыз, қателеспейсіз. Ешқашан кесілген қауын сатып алмаңыз, бұл - сапа көрсеткіші емес. Онда ағзаға зиянды заттар жиналуы мүмкін.

3. Дыбыс

Қауынды ақырын ұрып көріңіз. Егер дыбыс қатты шықса қауын тым ерте жұлынған.

4. Түсі

Негізгі түсінен сәл ашық бір ғана дөңгелек дақ болса, алуға болады. Қара дақтар - қауынның бұзыла бастағанының белгісі.

5. Жұмсақтығы

Саусағыңызбен ақырын басқанда, қауын аздап басылу керек. Егер бұл болмаса, онда ол піспеген. Саусақтарыңызбен басқанда ойық пайда болса, жеміс жақсы піскен.

Сондай-ақ, диетлогтар қауынның кей адамдар үшін қауіпті екенін де ескертеді. Мәселен, асқазан-ішек жолдары ауыратын адамдарға қауіпті. Ол ішті өткізіп жіберуі мүмкін.

"Қауын - калориясы төмен болғанына қарамастан, қорытылуы қиын өнім: 100 грамм өнімге шамамен 35 килокалория. Қауынды аш қарынға немесе басқа тағаммен, оның ішінде жеміспен жеуге болмайды - бұл іштің желденуін немесе диарея тудыруы мүмкін", - деді диетолог Ольга Кораблева.

Дәрігер қауынды тамақ ішкеннен кейін бір сағаттан соң жеуге кеңес берді. Ал гастрит, жедел панкреатит, холецистит және асқазан жарасы аурулары өршіген адамдар қауыннан бас тартқаны жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1925984-qauyndy-qalai-tandagan-durys-bes-paidaly-kenes/

pixel