Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"QR-кодпен төлеуге болады": Беташардағы көрімдік берудің айрықша тәсілі елдің ашуына тиді (видео)

Опубликовано:

код
Кадр: instagram.com/kaz_stars/

Әлеуметтік желілерде беташарда жұрттан көрімдікті "QR-код арқылы беруге болады" деп жар салған асаба қызу талқыға түсіп жатыр. Ел арасында тарап кеткен видеодан келіннің киіміне арнайы онлайн-аударым жасауға арналған QR-кодты жапсырып қойғынан көруге болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ

Instagram желісіндегі түрлі пабликтерде беташарда онлайн-аударымдарға арналған QR-кодты келіннің бетін ашатын ақ матаға жапсырып қойғандардың видеосы тарап кетті.

Видеода асаба ел алдына шыққан жаңа түскен келінді ортаға шақырған. Жиналған қауым көрімдікті онлайн беруге болатынын естіп, күлкіге қарық болған. Осылайша, асаба халықтың көңілін көтергісі келген сыңайлы.

"Арнайы ақшамды үйде ұмытып кетіппін, нал жоқ" дейтіндерге ерекше ұсыныс. Міне, QR-кодпен төлеуге болады", - деді асаба.

Алайда оның бұл әзілін желі қолданушылар жақтырмай қалды. Олар асабаны "қазақтың салтын күлкіге айналдырдың" деп айыптап, сөгіп тастаған.

"Қазақтың салты 2021-де неше түрлі болды-ау мұндай беташар көрмедім", "Бұл асабаның ойлап тапқаны сияқты, егер сондай болса, әзілдері арзан екен", "Арзан күлкі, өздерін мазақ қылып отыр", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1926069-qr-kodpen-toleuge-bolady-betasardagy-korimdik-berudin-airyqsa-tasili-eldin-asuyna-tidi-video/

pixel