Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лимонның коронавирус пен онкологиялық ауруларды емдейтіні рас па

Опубликовано:

Лимон
Фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде лимонның пайдасы туралы ақпарат кеңінен тарап, көпшіліктің талқысына түсуде. Онда цитрустар тұқымдасына жататын өсімдіктің коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмекті алмастыра алатыны және обыр жасушаларын өлтіретіні айтылған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Stopfake.kz мәліметінше, лимонмен коронавирусты емдеу туралы ақпараттар өткен жылдан бері әлеуметтік желілерде тарап жатыр.

Авторлар Бейжің әскери ауруханасының бас директоры Чен Хоринге сүйенетіндерін жеткізген.

Ол лимонның үштен бір бөлігін ыстық суға қосып, күнде ішуге кеңес берген еді.

Бұл сусын вирусқа қарсы дәрі-дәрмекті алмастыруы керек, дейді хабарлама таратушылар.

Алайда бұл жалған мәлімдеме.

"Лимонның COVID-19 жұқтыруға жол бермейтініне ғылыми дәлелдер жоқ. Алайда, жалпы алғанда, ДДҰ дұрыс тамақтанудың бір бөлігі ретінде жеміс пен көкөністі жеткілікті мөлшерде жеуді ұсынады", – делінген Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының сайтында.

Лимон суы обыр жасушаларын жоюға көмектеседі деген пікір де дұрыс емес, дейді басылым.

"Лимон мен басқа да цитрус жемістің құрамында қатерлі ісікке қарсы қасиеттерге ие табиғи заттар – модификацияланған цитрус пектині мен лимоноидтар бар екендігі туралы зерттеулер бар. Бірақ олар адамдарда тексерілмеген. Сондықтан олардың тиімділігі туралы қорытынды жасау мүмкін емес.

Дәрігерлер лимонның құрамындағы қосылыстардың кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының алдын алуда пайдалы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Алайда, бұл заттар ағзаның қатерлі ісікпен күресу қабілетін арттырады, бірақ обыр жасушаларын өлтірмейді" делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1926483-limonnyn-koronavirus-pen-onkologiyalyq-aurulardy-emdeitini-ras-pa/

pixel