Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұл балаларға арналған ерекше есімдерді білесіз бе

Опубликовано:

нәресте
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақ тарихында ұл балаға арналған ерекше есімдер өте көп. Солардың біразын Qadam.asia және massaget.kz сайттарынан назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

А

Абат – парсы тілінен аударғанда гүлденген жер, бай өлке дегенді білдіреді. Асан Қайғының екінші әйелінен туған ұлы.

Абылмансұр – Абылай ханның бала күнгі аты. Ақын Әріп Тәңірбергенұлының жұбайы Мөнтиден көрген ұлы.

Ағзам – ұлы, зор, ең үлкен, ең маңызды деген мағынаны береді. Жазушы Мұхтар Әуезовтің екінші әйелі Сақыштан туған үшінші ұлы.

Ахмад – лайықты.

Амин – сенімге лайықты.

Аңсар – көмекші.

Асхад – ең бақытты.

Алдияр – Алланың досы; тақсыр, ұлы мәртебелі.

Аббас (Ғаббас) – қатал, қатаң.

Абдулхамид – Мақтаулының құлы.

Адай – жазушы Сәбит Мұқановтың немересі.

Азаматгерей – күйші Дәулеткерейдің ұлы.

Айбар – ақын Мұқағали Мақатаевтың ұлы.

Айбарыс – ай және барыс сөздерінің қосылуынан жасалған.

Айбат – айбын, айбар.

Айбатыр – басқалар істей алмаған ерлікті іске асырсын деп берілген есім. Айбатыр Махмұдов – палуан, Қазақстанның бірнеше дүркін және Азия чемпионы.

Айберген – ақын Төлеген Айбергеновтің әкесі. Ақан сері Қорамсаұлының інісі.

Айболат – ай және болат есімінен қосылған.

Айбұлан – ай және бұлан есімінен құралған.

Айдарәлі – даңқты, жолы болғыш.

Айдархан – әнші Күләш Байсейітованың нағашы атасы.

Айдынәлі – айдын және әлі есімінен құралған.

Айжарық – ай және жарық есімінен құралған.

Айқан. Айқанов Әбілсейіт – қазақтың атақты палуаны, еркін күрестен КСРО-ның екі дүркін чемпионы.

Айқуат – өте қуатты. Айқуат Жүсіпов 1942 жылы Холм қаласы маңында болған шайқаста ерлікпен қаза тапқан қазақ жауынгері.

Айман. Айманов Шәкен – кино және театр режиссері, артист.

Айса – Иса пайғамдарды қазақтар осы атпен атайды.

Айсауыт – ерлігі мол, жігерлі деген мағынаны береді.

Айтөре – ай және төре сөздерінен біріккен есім.

Айхан – жазушы Оралхан Бөкейдің ұлы.

Ақәділ – өте әділ, турашыл.

Ақбала – әдемі, жаны таза дегенді білдіреді. Ақбала Жанқабылов – күйші.

Ақберен – батыр киетін сауыт, ең асыл болатын. Ақберен Елгезек – ақын.

Ақкенже – жанұяның кенже перзенті.

Ақмадия – тағы бір ерекше есім.

Ақмерген – арманына жетсін деген тілекпен қояды.

Ақназар – Хақназар есімінің бір нұсқасы.

Ақпейіл – ниеті түзу, ақ.

Ақпарақ – жаны кіршіксіз таза.

Ақтөре – әділ басшы.

Алан – ақын Фариза Оңғарсынованың немересі.

Алдияр – ханға қарап айтылатын сөз. Батыр Ақша Есенгелдіұлының ұлы.

Алтын – тот баспайтын металл. Денсаулығы мықты, өмірі ұзақ болсын деген тілекпен берілген есім.

Алтынсары – ағартушы Ыбырай Алтынсариннің әкесі.

Алтынтөре – алтын және төре есімдерінің қосылысы.

Ардаби – Ер Тарғынның немересі.

Арлан – қасқырдың еркегі. Суретші Әбілхан Қастеевтің немересі Асқардың жиен немересі.

Арнұр – жазушы Әзілхан Нұршайықовтың ұлы. Ақын Мұзафар Әлімбаевтың ұлы. Жиембет жыраудың шөбересі.

Артур – кельт тілінде «аю» мағынасын береді.

Аршын. Аршын Қабылбекұлы – суретші.

Асфендияр. Санжар Асфендияров – көрнекі мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы.

Асылер – асыл ер.

Аттила – ғұн мемелекетінің басшысы.

Ахмадия – Ақан серімен бірге жүрген әнші.

Ахмедияр – пайғамдардың досы деген мағынаны береді. Күйші Қаршыға Ахмедиярұлының әкесі.

Ахмет – Мұхаммед пайғамбар есімінің қысқа нұсқасы. Даңқы, мақтаулы деген мағынаны береді. Жиембет жыраудың інісі. Ахмет Байтұрсынұлы – ағартушы ғалым, қоғам қайраткері.

Аят – Құран сүрелерінің бір шумағы. Ақын Кенжеқұл Дәулетаевтың ұлы.

Ә

Әбумүслім – ақын, жазушы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің Әбен аталып кеткен інісі.

Әбунасыр – Әбунасыр Әл-Фараби – ғалым.

Әбілқайыр – хан.

Әбілқасым – Қазақстанның әнұранын жазған Шәмші Қалдаяқовтың ұлы.

Әлижан – рухы мықты, жаны биік.

Әлихан – билігі өте күшті адам.

Әрсен. Театр және кино артисі Әмина Өмірзақованың немересі.

Әділ – әділетті.

Әзиз – жеңілмейтін.

Әнуар – ең жарқын адам.

Әнас – қуанышты, жағымды, ақкөңіл.

Әбдіразақ – "Ар-Раззақтың", яғни Ризықтандырушының құлы.

Әбдісалам – "Әс-Сәләмнің", яғни Бейбітшілдің құлы.

Әбумүслім – ақын, жазушы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің Әбен аталып кеткен інісі.

Әбунасыр – Әбунасыр Әл-Фараби – ғалым.

Б

Бағлан – жетілген семіз қозы. Әнші Роза Бағланованың атасы.

Баламер – ақын Мұзафар Әлімбаевтың ұлы. Баламер Сахариев – әдебиет сыншысы.

Баймұрат – Бай + Мұрат.

Баймұхаммед – Бай+Мұхаммед.

Байназар – Бай+Назар.

Батыр – батыр, қаһарман.

Бақтияр – бақытты.

Берекет – "береке, құт".

Біләл – айықтырушы, сауықтырушы.

Баязит – Осман империясының билеушісі. Жазушы Ғабит Мүсіреповтің ұлы.

Бекназар – Бек және Назар есімдерінен құралған.

Берен – темір сауыт, асыл болат.

Биназар – Би және Назар есімінің қосылысы.

Болат – болаттай мықты, берік.

Ғ

Ғазез – ақын Ақыт Үрімшіұлының ұлы.

Ғайса – Иса пайғамбардың қазақша айтылуы. Ғайса Қашқынбай – алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі.

Ғабит – "құлшылық қылушы, тақуадар".

Ғабдулла – Абдулла.

Ғалым – "ғалым, білімдар".

Ғазиз – Азиз.

Ғали (Әли) – "жоғары".

Ғани – өте бай.

Д

Даниял – ақын Абайдың інісі Кәкітайдың ұлы.

Даян – тағы бір ерекше есім. Моңғол жұртын қытай империясына қарсы біріктірген даңқты қолбасшы.

Данияр – дана, ақылды.

Досмұхаммед – Дос+Мұхаммед.

Дінислам – Дін+Ислам.

Дінмұхаммед – Дін+Мұхаммед.

Дәуіт (Дәуд) – сүйікті, тартымды. Құранда аталған Алла Тағаланың пайғамбарларының бірі, Забур кітабы түсірілген елші.

Е

Едіге – батыр әрі хан. Ноғай ордасының билеушісі. Ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының немересі. Жазушы Мұхтар Мағауиннің ұлы.

Еламан. Жазушы Ғабит Мүсіреповтің төртінші атасы.

Еларыс – білікті, қадірменді, абзал.

Елсияр. Елсияр Қанағатов – педагогика ғылымдарының кандидаты.

Ерасыл – Қабанбай батырдың бала күнгі есімі.

Ербұлан – ер және бұлан есімдерінің қосындысы.

Ербота – ер және бота есімдерінің қосындысы.

Ержомарт – жүрегі жомарт батыр.

Ертарғын – Ер Тарғын батыр.

Ертұран – Тұранның батыры.

Есбатыр. Жазушы Ғалия Есбатырованың атасы.

Есдәулет. Ақын Ұлықбек Есдәулеттің атасы.

Ескендір – Александр Макендонскийді түркі халықтары осылай атаған.

Ж

Жансаят – жаны саят жігіт.

Жансүгір. Ілияс Жансүгіровтің әкесі.

Жақып (Яъқуб) – көне иврит тілінде "ізбен жүруші, ілесуші" деген мағынаны білдіреді. Құран Кәрімде аталған пайғамбардың аты, Жүсіп пайғамбардың (а.с.) әкесі.

Жантөре. Ахмет Жантөрин – сұлтан, төрелер мен қожалардың шежіресін жинаушы.

Жауһар – тағы бір ерекше есім.

Жаһанша. Жаһанша Досмұхамбетов – ХХ ғасыр басында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қоғам қайраткері.

Жоламан. Жоламан батыр – Кенесары Қасымұлының көтерілісіне қатысқан батыр. Қажымұқан Мұңайтпасұлының бесінші атасы.

Жүніс (Юнус) – көне иврит тілінде "көгершін" деген мағынаны білдіреді. Құран Кәрімде аталған пайғамбардың аты.

Жүсіп (Юсуф) – көне иврит тілінде "үстеме, қосымша" деген мағынаны білдіреді. Құран Кәрімде аталған пайғамбардың аты.

З

Зайып – жар, жұбай. ХХ ғасырда қазақстардың Тибет, Үндістан, Пәкістан арқылы Түркияға қоныс аударған көшін бастаған азаматтардың бірі.

Заңғар. Суретші Әбілхан Қастеевтің немересі.

Заид – өсуші.

Зейнұр. КСРО Халық артисі Шолпан Жандарбекованың бауыры.

Зейін. Зейін Шашкин – жазушы.

Зейнуддин – "діннің әшекейі".

Зейнулла – "Алланың әшекейі".

Зәкір – "еске алушы, зікір етуші (Алланы)".

Зият. Ақын Шәкәрім Құбайбердіұлының ұлы.

Зия. Зия Мәмиұлы – ақын.

И

Иманәлі – иман, әли сөздерінің қосындысы.

Имандос – досқа адал болсын деген ниетте қояды.

Ибрагим (Ибрахим) – пайғамбар есімі, ұлттар әкесі.

Имран – өмір.

Иман – сенім.

Имандос – досқа адал болсын деген ниетте қояды.

Иса – құдайдың қайырымдылығы.

Исмаил – құдай бізді естуші.

Ислам – ислам дінінің атауы ретінде әдемі естілетін есім.

Инсан  – адам мағынасын білдіреді.

Инаят – "қамқорлық, мейірім, Алланың қамқорлығы".

К

Кәрім – жомарт, ізгі.

Кейкі – батыр. Амангелді Имановпен бірге соғысқан халық батыры.

Келбет – түр, түс, кейіп мағынасын беретін көркем есім.

Кензат – кен және зат сөздерінен құралған.

Кемеңгер – аса ақылды.

Қ

Қыдыр, Қызыр – Хидр – Құран Кәрімде әңгімеленген ізгі пенденің есімі, "жасыл, көгеріс".

Қамар – араб тілінен аударғанда "ай" деген мағынаны білдіреді.

Қадір – күшті, қабілетті, қадірлі.

Қаһарман – жеңімпаз.

Қасым – бөлуші деген мағынада, ханның аты.

Қайрат – күш-қуат.

Қайсар – мықты, жігерлі.

Қуат – қауқарлы, құдіретті.

М

Мағауия – араб тілінде "сау саламат" деген мағынаны білдіреді (Абай Құнанбаевтың баласының аты).

Махамбет – мақтауға лайық, сүйікті.

Мансұр – жеңімпаз.

Махмұт – даңқты.

Махамбет – мақтауға лайық, сүйікті.

Мәтін – қатты.

Мұзаффар – жеңімпаз жауынгер.

Мұрагер – әкенің ізін жалғаушы.

Мұстафа – таңдаулы деген мағынаны білідреді.

Мұстахим – тура жол.

Мүсіреп – жомарт. Жазушы Ғабит Мүсіреповтің атасы.

Мұхтар – таңдаулы, таңдау еркі бар адам.

Н

Нәби – пайғамбар.

Нариман – отты жауынгер.

Нәзір – ескертуші, арнаулы.

Нияз – үміт, сый.

Нұрзерек – нұрлы, зерек бала.

Нұрпейіс – пейіштің сәулесі.

Нұртас – нұры тасысын деген мағына.

Нығмет – дәулет, байлық.

Надир – "сирек" мағынасын білдіреді.

Нұғман – кішіпейіл, берекелі, игілікті.

Нұр – жарық, жайнаған.

Нұриддин – діннің нұры.

Нығмет – нығмет, несібе, ризық.

Нұриман – иман нұры.

П

Парасат – араб тілінде ақыл-ой деген мағына.

Пазыл – лайықты.

Пәрмен – қуат.

С

Сағадат – парсы тілінде бақыт деген мағынада.

Сәдуақас – нағыз бақытты, ырысты адам.

Сейфолла – қылыштай өткір.

Самат – жетекші.

Сардар – бас қолбасшы.

Сұлтан – билеуші, патша.

Садыр – әр нәрсенің алды, басы, басшы.

Садық – адал, шынайы; дос.

Салауат – қошеметтеуші, бата.

Самир – әңгімелесуші, әңгіме айтушы.

Санжар – данышпан, ақылды деген мағынаны білдіреді.

О

Ормамбет – Мұхаммед.

Осман – "түзетуші", Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) ең жақын сахабасының есімі.

Оспан – Осман.

Ораз – байлық, сәттілік.

Оразмұхаммед – "Ораз" және "Мұхаммед" есімдерінің бірігуінен жасалған.

Омар – сахаба есімі.

Омарәлі – "Омар" және "Әли" есімдерінің бірігуінен шыққан.

Х

Хафиз – сақтаушы, қорғаушы.

Хамит – дәріптеуші, шүкіршілік етуші.

Халид – Құдайдың ең жақын досы.

Харун – биік тау, асыл тәлімгер.

Хасан – жақсы.

Ф

Фатих – ашушы, жеңуші.

Фазыл – жомарттық.

Фархад – "ақылды".

Ш

Шәкір – шүкір етуші.

Шәміл – бәрін қамтушы, әмбебап.

Шәмсуддин – діннің күні, даңқы.

Шұғайып – Құран Кәрімде аталған пайғамбардың есімі.

Шәмші – араб тілінде "шамс" сөзі күн деген мағынаны білдіреді.

Ы

Ыбырайым, Ыбырай – ИбраҺим.

Ыхтияр – таңдау, таңдамалы.

Ысмайл – Исмайл.

Ықылас – ықылас, ниет.

І

Ілияс – шабыт беруші.

Ілескен – артынан ерген, ілесу деген мағынаны білдіреді.

Ю

Юсуф – Алланың құдыреті, сүре атауы бар. Жүсіп пайғамбар есімінің арабша аталуы да осындай.

Юнус – қолы ашық, мәрт, жомарт жан. Жүніс пайғамбардың арабша аталуы.

Я

Яхия – Құдайдың мейірімі.

Ясин – Құран Кәрімдегі 36-сүренің атауы.

Қол ұстасқан бала мен әке
Қол ұстасқан бала мен әке. Көрнекі сурет: pixabay.com

Оқиғаға орайластырып қоятын есімдер

Есім таңдау – жаңа туған сәбидің өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Қазақ халқында есім беру дәстүрі ерекше мәнге ие, өйткені есім адамның тағдырына, мінезіне әсер етеді деген сенім бар. Осыған байланысты ата-аналар балаларына ат қоярда ерекше, мағыналы және көркем есімдер таңдауға тырысады. Мақаламызда ұл балаларға арналған ерекше есімдер жайлы сөз қозғаймыз.

Тарихи және дәстүрлі есімдер

Қазақ халқында тарихи тұлғалардың есімдері әрқашан жоғары бағаланады. Мұндай есімдер баланың болашағына жақсы әсер етіп, оның бойына батылдық, қайсарлық және адалдық сияқты қасиеттерді сіңіреді деген сенім бар. Мысалы:

  1. Ерболат – ер жігіт, батыр деген мағынаны білдіреді.
  2. Айтмат – айтулы, ерекше деген мағынаны береді.
  3. Тәуекел – батылдық пен шешімділік қасиеттерін білдіреді.

Табиғатқа байланысты есімдер

Табиғат құбылыстарына байланысты есімдер де қазақ халқында кең тараған. Мұндай есімдер баланың табиғатпен үндестігін, оның күш-қуатын, сергектігін білдіреді:

  1. Аспан – көк, биіктік деген мағынаны береді.
  2. Бүркіт – қыран құс, биіктік пен еркіндік символы.
  3. Жағалау – теңіз жағасы, тұрақтылық пен тыныштық символы.

Қасиеттерге байланысты есімдер

Ата-аналар балаларының бойында жақсы қасиеттерді көруді армандайды. Сондықтан қасиеттерге байланысты есімдер жиі қойылады:

  1. Ақниет – таза ниет, адалдық.
  2. Бекболат – мықты, берік болат.
  3. Санжар – данышпан, ақылды деген мағынаны білдіреді.
Әке мен бала
Әке мен бала иллюстрациясы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазіргі заманғы ерекше есімдер

Қазіргі заманда ата-аналар балаларына ерекше, өзгеше есімдер қоюға тырысады. Мұндай есімдер баланың болашақта өзгелерден ерекше болып, өз жолын табуына көмектеседі:

  1. Арыстан – батылдық пен қайсарлық символы.
  2. Ернар – ер жігіт, батыр деген мағынаны білдіреді.
  3. Тәңірберген – Құдайдың берген сыйы деген мағынаны береді.

Статбюро келтірген деректер

Статбюро биыл жариялаған есебінде ең танымал қазақ есімдері деп ұл балаларының арасында Азамат атап өтілген. Бұл 2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең танымал есімдер мен тектер туралы қызықты деректер.

Қазақтар арасында ең танымал есімдер Азамат, Серік, Марат екен.

Бір қызығы, Бақыт, Сәулет сияқты әйелдерге де ерлерге де тән есімдері бар 585 мың адам бар.

Жиі кездесетін үш қазақ тегіне Ахметов (56 мың), Серік (39 мың), Омаров (36 мың) жатады.

Сондай-ақ Қазақстанда атымен де, тегімен де аттас азаматтар саны аз емес. Осы ретте Серік Ахметов (415) пен Айзере Серік (517) деген есімі мен тегі бірдей адамдар ең көп.

Қорытсақ, ұл балаға есім таңдау – әр ата-ананың маңызды шешімі. Есім баланың өміріне, болашағына әсер ететінін ескерсек, оның мағынасы терең, ерекше және мәнді болуға тиіс. Қазақ халқында есім таңдаудағы дәстүрлер мен жаңа заманғы үрдістер үйлесім тауып, ата-аналарға көптеген мүмкіндіктер береді. Ұлдарыңыздың есімі олардың болашағына жарқын жол ашып, өмірде биік шыңдарға жетелеуіне тілектеспіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1927238-ul-balaga-arnalgan-erekse-esimderdi-bilesiz-be/