Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Финляндияда ағаштарды құшақтаудан жарыс өтіп жатыр

Опубликовано:

Фото
Фото: pixabay.com

Финляндияда тамыздың 13-28 аралығында ағаштарды құшақтаудан әлем чемпионаты өтіп жатыр деп жазады greenbelarus.info.

Басылымның мәліметінше, ерекше сайысқа әлемнің кез келген елінің тұрғыны қатыса алады. Бір қызығы сайыс офлайн әрі онлайн форматта өтуде.

Ал сайыс жеңімпазы өз жұбымен бірге тегін саяхатқа аттану мүмкіндігіне ие болмақ.

Жарысты ұйымдастырушылар биыл ағаштарды құшақтау бойынша әлем чемпионаты екі форматта өткізіліп жатқанын айтып отыр.

Яғни онлайн форматтан бөлек, 21-ші тамыз күні Леви тау-шаңғы курортындағы ХалиПуу (HaliPuu) орманында офлайн форматтағы жарыс өтеді.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, сайысқа қатысу үшін ағашты құшақтап түскен суретті жобаның ресми сайтына немесе Instagram желісіне #TreeHugging2021 немесе #HaliPuu хэштегімен бөлісу жеткілікті.

Өтінімдерді қабылдау 28-ші тамыз, сағат күндізгі 11-ге дейін жалғасады.

Жеңімпаздарды ағаш кесуші, Паллас-Юлдстунтури ұлттық паркінің аға кеңесшісі, орман мәселелері бойынша сарапшы мен тәуелсіз суретші анықтайтын болады.

Онлайн-чемпионат нәтижесі 29-шы тамыз күні жарияланады деп күтіліп отыр.

Ал оффлайн форматтағы сайысқа қатысушылар жылдамдық, шынайылық және фристайл бағыттарында бақ сынайтын болады.

Былтыр аталған сайыста Италиядан келген Стевания есімді тұрғын жеңімпаз атанса, сайыстың алғашқы жылы мәскеулік Ирина үздік деп танылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1927655-finlyandiyada-agastardy-qusaqtaudan-zarys-otip-zatyr/

pixel