Ауғанстан 60-70 жылдары қандай болған
Жарияланған күні:
![Ауғанстан Ауғанстан](https://cdn.nur.kz/images/1200x675/d76440ea8c0e95cd.jpeg)
Соңғы күндері Ауғанстандағы ахуал жайлы әлемдік БАҚ жарыса жазуда. Осы орайда BIG Picture сайты 1969-1974 жылдары Ауғанстанға бірнеше рет барып, ондағы өмірді сипаттаған француз фотографы Франсуа Поммеридің фоторепортажын ұсынды. 1969 жылғы Ауғанстан қазіргідей соғыс пен лаңкестердің әрекетінен қираған мекенге ұқсамайды.
Франсуа Поммери 1969 жылы Франциядан Ауғанстанға барған. Сонымен қатар, фотограф Невер қаласындағы оқуын аяқтап, өзінің барлық шәкіртақысын шетелдіктер сирек баратын Нұрстан өңіріне баруға жұмсаған.
![Ауғанстан Ауғанстан](https://cdn.nur.kz/images/1120/85c4bcce5de71076.jpeg)
Франсуа Поммери 1974 жылы әйелі және достарымен бірге Ауғанстанға қайта барған. Ал 1974 жылы Кабул тұрғындары тату-тәтті тұратын және тіршілігі жанданған қала болатын.
"Біз онда бір ай тұрдық. Премьер-министр өзінің туысы патшаны тақтан тайдырғаны болмаса, мұнда 1969 жылдан бері айтарлықтай ештеңе өзгермеген", – деп еске алады фотограф.
![Ауғанстан Ауғанстан](https://cdn.nur.kz/images/1120/67db338ecba932be.jpeg)
Оның сөзінше, Ауғанстанның үшінші ірі қаласы Гератта әйелдер толықтай жабық киінетін.
![Ауғанстан Ауғанстан](https://cdn.nur.kz/images/1120/740ebc417a4af4a0.jpeg)
Білім ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Мысалы мына фотода ер адам ұл балаға тоқыма станогында жұмыс істеуді үйретіп жатыр.
![Ауғанстан Ауғанстан](https://cdn.nur.kz/images/1120/f74ddf40dd066f7b.jpeg)
1974 жылы Герат қаласындағы көшеде тұрған бала.
![Көшеде тұрған бала Көшеде тұрған бала](https://cdn.nur.kz/images/1120/b1ee1aaf5b88d875.jpeg)
1969 жылы Нұрстан провинциясы, Вайгал ауылындағы көшеде отырған ерлі-зайыптылар.
![Ауыл көшесінде отырған ерлі-зайыптылар Ауыл көшесінде отырған ерлі-зайыптылар](https://cdn.nur.kz/images/1120/b5923935e54d6841.jpeg)
Нұрстан тұрғындары 1800 м биіктікте орналасқан ағаштан салынған үйде тұрады.
![Үйлер Үйлер](https://cdn.nur.kz/images/1120/2de0afece3d74b46.jpeg)
"Менің достарым 1965 жылы Ауғанстанға барған болатын, Нұрстанның әдемі жерлеріне бармақ болған оларды арнайы рұқсаты болмағандықтан қалаға кіргізбеген. Мен қызық іздеп, сонда бардым", – дейді Франсуа Поммери.
![Қыз бала Қыз бала](https://cdn.nur.kz/images/1120/642b125a362901ea.jpeg)
Жұмыс істеп отырған шыны үрлеуші, Герат қаласы.
![Жұмысшы Жұмысшы](https://cdn.nur.kz/images/1120/c45b338c02ed7044.jpeg)
Бамианға апаратын жолдағы шеберхана.
![шеберхана шеберхана](https://cdn.nur.kz/images/1120/68e5ec8e58e389ba.jpeg)
Кабул көшелері
![Кабулдағы көше Кабулдағы көше](https://cdn.nur.kz/images/1120/76a8664d53a0cc19.jpeg)
![Көше Көше](https://cdn.nur.kz/images/1120/f40550566c757a10.jpeg)
![Көше Көше](https://cdn.nur.kz/images/1120/c7ca2d4f448ea1b5.jpeg)
Безендірілген жүк көлігі, 1974 жылы.
![Безендірілген жүк көлігі Безендірілген жүк көлігі](https://cdn.nur.kz/images/1120/804014bcd9ad8d01.jpeg)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1927983-auganstan-60-70-zyldary-qandai-bolgan-foto/