Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таиландтағы танымал курортта теңіз мекендеушісі шағып алған тоғыз жасар бала көз жұмды

Опубликовано:

медуза
Көрнекі фото: pixabay.com

Таиландтың әйгілі Панган курортында шомылып жүрген кішкентай туристі теңіз мекендеушісі шағып алды деп хабарлайды Lenta.ru.

Басылым мәліметінше, қайғылы жағдай аралдың оңтүстік-шығысындағы Хаад Рин жағажайында болған.

Тоғыз жасар ер бала қорғауға алынған аумақ сыртындағы суға түскен. Сәлден соң жеткіншек судан жүгіріп шығып, өзін әлдененің шағып алғанын айтқан. Осыдан кейін ол есінен танып қалған.

Баланы 15 минутта ауруханаға жеткізген, алайда оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмапты. Алдын ала болжам бойынша оны улы медуза шағып алған.

Қайғылы жайт туралы естіген жергілікті билік пен Таиландтың табиғи ресурстар министрі Варавут Сильпа марқұмның отбасына көңіл айтқан.

Сонымен бірге, министр тиісті органдарға оқиғаның мән-жайын тексеруді және медузалар тіршілік ететін туристік аймақтарда алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарын дайындауды тапсырған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ирландияның Трали шығанағында дельфиндер 12 сағат бойы теңіздің тастай суында қалқып жүрген ер адамды құтқарып қалғанын жазған едік.

Ер адам 8 шақырым қашықтықты жалғыз өзі жүзіп өтпек болған. Алайда қашықтықты еңсеруге шамасы жетпей, теңізде 12 сағат бойы қалқып жүрген. Ашық теңіздегі адамды байқаған дельфиндер оған көмекке келіп, айналасында топтасып жүзе бастаған.

Нәтижесінде теңізден төрт шақырым жерде құтқарушылар бір топ дельфиннің жүзіп жүргенін байқап, ер адамды судан шығарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1929705-tailandtagy-tanymal-kurortta-teniz-mekendeusisi-sagyp-algan-togyz-zasar-bala-koz-zumdy/

pixel