Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атқа мінудің қандай пайдасы бар

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда өткен республикалық турнирде асыл тұқымды ат өлді (видео)
Көрнекі фото: piqsels.com

Жылқыға мінген адамның қан айналымы жақсарып, түрлі аурудың алдын алады. Тіпті, туберкулез таяқшасының өзі мұндай терапиядан өліп кететін көрінеді. Медицинада жылқымен емдеу шарасын – иппотерапия деп атайды. Бұл туралы "Тараз" қалалық мүгедектер қоғамының" мүшесі, социолог Халбы Жайлыбекова айтып берді деп жазады Qadam.asia.

Оның сөзінше, адамның көп ауруы қан айналымының нашарлауынан пайда болады.

Әсіресе, ерекше күтімді қажет ететін баланың көбі осы қан жүрмеудің себебінен сал болып қалады, дейді маман.

"Ал жылқының дене температурасы адамдікінен ыстық. Шамамен, бір жарым градус жоғары. Жылқыға мінген адамның қан айналымы жақсаратыны содан. Қан бармай, жүрмей тұрған дене мүшелеріне қан жүгіреді. ДЦП, аутизм, неврологиялық және психологиялық ауруларды сауықтыруға болады. Жылқыға отырған баланың омыртқасы мен арқасы түзеледі. Координациясы жақсарады. Шағын моторикасы дамиды. Күйзелістен арылып, тактильді сезімі реттеледі. Иппотерапияның пайдасы өте мол. Бірде-бір кері әсері жоқ", – дейді Халбы Жайлыбекова.

Сонымен қатар маман жылқы баланың физикалық дамуына ғана емес, психологиялық жай-күйіне де жақсы әсер ететінін жеткізді. Бала табиғатпен танысып, жануармен қарым-қатынас орнатады.

"Бір қызығы, жылқының өзі де балаға мейірім танытады. Мүгедек жан отырғанын сезеді. Балалар да жылқыны көргенде қуанып кетеді. Оны сипап, жем-шөп бергенінің өзі бақыт оларға. Алып келген көкөнісін беріп мәз боп жатады. Мұның бәрі балаға мейірім мен қамқорлық сыйлайды", – дейді  әлеуметтанушы.

Осы орайда маман иппотерапияның әлемде пайда болғанына 40 жылдай уақыт болғанын сөз етті.

Әлем елдері бірінен кейін бірі баламалы емдік шара ретінде жаппай енгізіп жатыр, дейді ол, Қазақстанға да енді келген тәжірибе.

"Бізбен салыстырғанда, көрші Ресей, Украина елдерінде жақсы дамыған. Мұнымен кәсіби мамандар айналысады. Жылқыға мінген баламен логопед, психолог, дәрігерлер жұмыс істейді. Ал Қазақстанда ондай жоқ. Енді-енді кеп жатыр. Біздің Тараз қаласында иппотерапиямен әлеуметтік жоба ретінде айналысқанымызға 2 жыл ғана болды", – дейді Халбы Жайлыбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1929954-atqa-minudin-qandai-paidasy-bar/

pixel