RU

Ең қызғаншақ үш зодиак белгісі қандай

Қызғаныш
Көрнекі сурет: pixabay.com

Астрологтар сауалнама жүргізу барысында ең қызғаншақ үш зодиак белгісін анықтады деп жазады ФАН агенттігі.

Пандемия кезеңінде ерлі-зайыптылар қарым-қатынасының беріктігі сынға түсіп жатқаны анық. Өмірлік серігінің адалдығына сенбейтіндер олардың хат алмасулары мен қоңырауларын жасырын тексеруге көшкен.

Осы орайда OnBuy.com америкалық платформасының сарапшылары зерттеу жүргізе отырып, әйелдердің 41%-ы мен ерлердің 60%-ының пандемия кезінде отбасылық өміріне көңілі толмайтынын анықтаған. Бұл өз алдына ерлі-зайыптылардың бір-бірінен таппаған жылуды өзгеден іздей бастауына әкеліп соқтыруда дейді сарапшылар.

Ал астрологтар болса, ерекше қызғаншақ келетін зодиак белгілері барын анықтағандарын мәлімдеп отыр. Олар көпшілік арасында ауқымды сауалнама жүргізу арқылы қызғаншақ үш зодиак белгісін анықтай алыпты.

Мәселен, сауалнамаға қатысқан Арыстандардың 75%-ы сүйіктілерінің адалдығына сенбей, оларды жасырын тексеріп жүретіндерін мойындаған екен.

Ал екінші орынға Шаяндар жайғасты. Шаяндардың 71%-ы өмірлік серіктерін тексеріп отыратынын сауалнама барысында жасырмастан айтып берген.

Қызғаншақ зодиак белгілерінің үштігін Балықтар тұйықтады - сауалнамаға қатысқан Балықтардың 69%-ы жан жарын адалдыққа ұдайы тексеріп жүретінін мойындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1930540-en-qyzgansaq-us-zodiak-belgisi-qandai/