Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Картоптың құрметіне қойылған ескерткіш жұрттың қызу талқысына түсті (фото)

Опубликовано:

Картоп ескерткіші
Фото: Светлана Курейчик / Млын.by

Беларусьтің Узда ауданында картопқа ескерткіш қойылды. Ескерткіш желі қолданушылары арасында қызу талқылануда деп хабарлайды Zerkalo порталы.

Ескерткіште биік тұғырға қойылған картоп себеті бейнеленген және елде картоп XVII ғасырда пайда болғаны жазылған.

"ВКонтакте" қолданушылары ескерткіштің пішінін қызу талқыға салып, әзілдеуге кіріскен. Мәселен, пікір қалдырушылардың бірі ескерткіш оған "Кин-дза-дза!" фильміндегі ұшатын фантастикалық аппаратты еске түсіретінін жазған.

Ескерткіш
Фото: Светлана Курейчик / Млын.by

Тағы бір пікір қалдырушының ойынша, ескерткіштегі себет құмыраны еске салады. Желі қолданушыларының дені ескерткіш авторы себеттің қандай болатынын өз көзімен көрмеген болуы мүмкін деп топшылады.

Ал ескертіштегі картоп шіріп кеткен көкөніске көбірек ұқсап кеткенін сөз еткен пікір қалдырушылар, туынды авторын сынға алған.

Еске салсақ, бұған дейін Украина астанасы Киевте борщ тағамының ескерткішін орнату жоспарланып отырғаны туралы жазған едік.

Ескерткіш қойылатын орынды қала тұрғындарының өздері таңдай алатыны хабарланған болатын.

Мұндай қызықты идеяны украиналық аспаз Евгений Клопотенко ұсынған. Оның айтуынша, борщ елдің ұлттық тағамы ретінде мәңгі есте сақталу керек.

Егер тағамның құрметіне ескерткіш ашылса, бұл өз кезегінде елдегі гастрономиялық туризмінің дамуына да әсер етпек. Билік аспаздың ұсынысын құптап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1931675-kartoptyn-qurmetine-qoiylgan-eskertkis-zurttyn-ausyn-keltirdi-foto/

pixel