jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Украиналықтар борщ тағамының құрметіне ескерткіш ашпақшы

Борщ
Көрнекі фото: pexels.com

Украина астанасы Киевте борщ тағамының ескерткіші пайда болмақ. Ескерткіш қойылатын орынды қала тұрғындарының өздері таңдай алады деп хабарлайды Life.ru.

Мұндай қызықты идеяны украиналық аспаз Евгений Клопотенко ұсынған.

Оның айтуынша, борщ елдің ұлттық тағамы ретінде мәңгі есте сақталу керек. Егер тағамның құрметіне ескерткіш ашылса, бұл өз кезегінде елдегі гастрономиялық туризмінің дамуына да әсер етпек.

Аспаз елде бәліш, құймақ, тұздалған қияр, қарбыз, балмұздаққа қойылған ескерткіштер барын айтып шағымданды.

Киев әкімінің орынбасары Владимир Бондаренконың айтуынша, қала билігі аспаздың бұл идеясын қолдаған.

"Біз өзімізді ерекшелігімізді бағалап, әлемге Украинаның мәдени мұрасын көрсетуіміз керек... Біз гастрономия туризмін дамытуымыз керек, ал жаңа көркем өнер нысаны астанамыздың келбетін әрлей түспек", – дейді Владимир Бондаренко.

Киев қаласы әкімшілігінің сайтында хабарланғандай, Киев тұрғындары ескерткішті орнататын орынды өздері таңдай алады, кейінірек ең жақсы инсталляция идеясы бойынша ашық конкурс жарияланатын болады.

Украиналықтар борщ тағамының құрметіне ескерткіш ашпақшы

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.