Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда қаласында «Жомарт жүрек» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Опубликовано:

Жомарт жүрек
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Бүгін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, елмен етене жүріп, мұқтаж жандарға көмек қолын созған дархан пейіл, кең жүректі қызылордалықтарды «Жомарт жүрек» байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша марапаттады.

Игілікті іс-шара Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылды.

Жомарт жүрек
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

«Жомарт жандар қаламыздың көркеюіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосып қана қоймай, әлемді шарпыған пандемия кезеңінде де жомарттық пен елжандылықтың жоғарғы үлгісін көрсетті. Қолында барын халықтың игілігіне жұмсап, ізгі іске атсалысқан рухы биік жандарға қала тұрғындарының атынан шынайы алғысымды білдіремін», - деді қала әкімінің орынбасары.
Жомарт жүрек
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

«Жомарт жүрек» сыйлығы 5 номинация бойынша табысталды.

Байқаудың «Жыл меценаты» номинациясы карантин уақытында да қайырлы ісін жалғастырған «Сыбаға» ЖШС директоры Ляйла Ризвановаға табысталса, «Туған өлке» номинациясымен ауылдың абаттануына ерекше үлес қосқан «Бақ-Береке-2030» ЖШС бас директоры, қалалық мәслихат депутаты Қайрат Ерназаров марапатталды.

Жомарт жүрек
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

«Жыл тұлғасы» номинациясымен жыл көлемінде қаламыздың әлеуметтік саласына тұрақты түрде қолдау көрсеткен «Абай» шаруа қожалығының басшысы Мұрат Нұрсаитов, «Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен «Қызылорда қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәкен Алдашбаев, «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясы «Қамқорлық» дағдарыс орталығының директоры Жандос Тұсмағамбетовке табысталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1931809-qyzylorda-qalasynda-zomart-zurek-baiqauynyn-zenimpazdary-marapattaldy/

pixel