Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәліптер әйелдерге хиджаб киіп, ер азаматтардан бөлек оқуға рұқсат берді

Опубликовано:

Орамал таққан қыздар
Көрнекі фото: pexels.com

Ауғанстанда қыздар жоғары оқу орындарына барса болады, бірақ міндетті түрде хиджаб киіп, ер адамдардан бөлек оқуы керек. Бұл туралы "Талибан" қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) құрған үкімет мүшесі Абдул Баки Хаккани 12 қыркүйекте Кабулда мәлімдеді деп жазады Centralasian.org.

Үкіметте білім беру мәселесіне жауапты "Талибан" 20 жыл бұрынғы жағдайға қайтып баруын қаламайтынын, бірақ әйелдерге "дресс-код" міндетті екенін жеткізді.

"Талибан" Ауғанстандағы оқу орындарында әйелдер қандай киім киюі керек екені жөнінде ереже жариялаған. Оған сәйкес, әйелдер денесін толық жапқан қара киім және қолдарына қолғап киіп жүруі керек. Ерлер мен әйелдердің аудиторияда бірге отыруына тыйым салынады.

"Талибан" өткен айда әйелдердің "шариғат заңы аясында" құқықтары қорғалады деп мәлімдеген.

Осыған дейін әйелдер құқықтарының қорғалуын талап еткен қыз-келіншектер Ауғанстанда наразылық акцияларын өткізіп, бірақ тәліптер тарапынан күшпен таратылған.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Ауғанстанға қажетті қаржылық көмекті жоғары бағалағаны жөнінде хабарлаған болатынбыз.

Женевада өткен конференция қорытындысы бойынша донорлар ауғандықтардың қажеттілігі үшін миллиард доллардан астам қаражат бөлуге уәде берді, бұл БҰҰ сұрағаннан екі есе дерлік көп.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932052-talipter-aielderge-xidzab-kiip-er-azamattardan-bolek-oquga-ruqsat-berdi/

pixel