jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Әлем бойынша алғаш рет университетте "TikTok" факультеті ашылды

Тикток факультеті
Фото: Киев мәдениет университеті

Әлемде бірінші рет Киевтегі мәдениет және өнер ұлттық университетінде "TikTok факультеті" ашылды. Украиналық жоғары оқу орны түлектерге диплом беруге уәде беріп отыр деп хабарлайды Громадское телевидение арнасына сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Телеарнаның мәліметінше, жоба авторы университет президенті, өзі де танымал тиктокшы Михаил Поплавский.

Поплавский жастардың заман ағымынан қалмауын және әлеуметтік желі арқылы танымалдылыққа ие болуы тиіс деп санайды. Ол өзі ашқан "TikTok" факультетін инновациялық жастар жобасы ретінде ұсынған.

"Менің мақсатым - "TikTok-қа" украиналық сипат беру, артымнан креативті, жігерлі әрі болашаққа сенетін жастардың ергенін қалаймын. Олар еліміздің болашағын жасаушылар. Украиналықтарды әлем жақсы білуі тиіс, Украина әлемді әлі талай таңғалдырады", - дейді ЖОО президенті.

Оқу мәдениет университетінің барлық студенттері үшін тегін болмақ.

Университет мамандары болашақ тиктокшылар әлеуметтік желінің жаңалықтарын жақсы біліп, ерекше контент ұсына отырып, заманға сай жүру керектігін айтады.

"Егер өмірде көшбасшы болғыларыңыз келсе, "TikTok" сізге ауадай қажет. Өзіңді дамытуың керек, ал біз саған көмектесеміз", - делінген аталмыш университет таратқан баспасөз хабарламасында.

Факультеттің ашылу салтанатынан соң Поплавский студенттермен бірге алғашқы бірлескен тиктоктарын түсірген.

Украиналық БАҚ әзірге факультеттің министрліктен аккредитация өткен-өтпегені жөнінде ақпарат ала алмаған.

Әлем бойынша алғаш рет университетте "TikTok" факультеті ашылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.