Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шайдың қай түрі денсаулыққа қауіпті

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Қантты шайды шамадан тыс тұтыну зиян. Адамда метаболизм мен тіс проблемалары болуы мүмкін деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Бұны ресейлік диетолог Елена Соломатина растап отыр.

Оның сөзінше, қант қосылған шай қандағы глюкоза деңгейін жоғарылатады. Әсіресе, қант диабетімен ауыратын адамдарға айрықша қауіп төндіреді.

"Қандағы қанттың ауытқуы қант диабетіне дейін немесе қант диабетімен ауыратындар үшін зиян. Сонымен қатар бұндай сусын артық салмақ және тіс проблемаларын туғызуы ықтимал. Шай құрамында тістерді шіруден қорғайтын заттар бар, алайда олардың барлығын қант жойып жібереді", - деді диетолог Елена Соломатина.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1933411-saidyn-qai-turi-densaulyqqa-qauipti/

pixel