Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лотереяда жолы болған қазақстандық ұтып алған қаражатты әйелін емдетуге жұмсамақ

Опубликовано:

«Сәтті Жұлдыз»
Фото: «Сәтті Жұлдыз»

Алматы облысы, Үшарал қаласының тұрғыны Қайрат бұл сәтті 15 жылдан астам уақыт күтті. Ер адам оның да бір күні жолы боларына барынша сенді және көптен күткен ұтысқа нағыз қажет болған сәтте қол жеткізіп отыр. «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясында жолы болған Қайрат енді әйелінің қомақты ақша жасалатын операциясын төлей алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көбі сәттілікке қол жеткізу мүмкін емес деп санайды және қуанышты күндер өздігінен келетін сәтті күтумен ғана жүреді. Енді бірі қуанышты күндерге жету үшін адамның өзі де әрекет етуі керектігіне, тек әрекетке берекет боларына сенеді.

Алматы облысы, Үшарал қаласының тұрғыны Қайрат екінші санаттағы адамдардың қатарына жатады. Ер адам жолы боларына жылдар бойы үміті сөнбегенінің арқасында міндетті түрде қуанышты күнге жетуге болатынын өз мысалында дәлелдей алды.

«Лотереяға қатысу 15 жылдан астам уақыт бойы менің хоббиім болды. Мен сәттілік әкелетін сандарды таңдағанды ​​ұнатамын. Әдетте атаулы күндерді немесе жақындарымның туған күндерін таңдаймын. Мен негізінен 5/36 және LOTO 6/49 ойнаймын. Кейде TeleBingo-ны да ойнап жатамын», - дейді Қайрат.

Бұған дейін Қайрат билеттерді Алматыға сапары кезінде сатып алып келді. Ол бірден 5-10 билеттен сатып алатын. Енді оған билеттерді сатып алуға «Сәтті Жұлдыз» қосымшасы көмектеседі.

Қайрат көптен күткен қыруар ұтысқа кенелткен билетін де қосымша арқылы сатып алған. Ол билеттегі нөмірлерді өзі таңдады - әйелі мен балаларының туған күндерін белгіледі.

«Хабарламаны алған кезде сене алмадым. Хабарламада ұтыс сомасы көрсетілмеген болатын. Сілтеме арқылы қосымшаға өтуім керек деп жазылды. Мен call-орталыққа қоңырау шалдым. Олар деректерді тексерді, содан кейін маған: «Құттықтаймыз! Сіз жеңдіңіз!» деді», - деп есіне алды Қайрат.

Джекпоттың көлемі Қайрат пен оның отбасын таң қалдырды. 4 383 415 теңге олар үшін күтпеген тосын сый болды. Десе де оларға қыруар қаражаттан құралған ұтыс дер кезінде бұйырып отыр. Дәл қазір Қайраттың әйеліне қымбат ота қажет. Ер адам ұтып алған ақшасын сүйікті әйелінің еміне жұмсамақ.

«Мен барлық қазақстандықтарға лотереяға қатысуды жалғастырып, ұтатындарына үмітін сөндірмеуді тілеймін! Ойнауды жалғастыра беріңіз! Сіз джекпотқа міндетті түрде қол жеткізесіз!», - дейді Қайрат.

Үшарал қаласынан келген Қайрат үшін лотерея сүйікті хоббиіне ғана емес, сонымен бірге жақын адамға көмектесу мүмкіндігіне айналды. Кейбіреулер үшін «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясының бақытты билеті өз пәтерінде қуанышқа толы жаңа өмірді бастауға берілетін мүмкіндік болмақ.

Осы жексенбі, 26 қыркүйекте, TeleBingo-да ұтысқа пәтер тігіледі! Билет сатып алуға және қатысуға әлі де уақытыңыз бар. Кім біледі, бәлкім биыл өз пәтеріне көшетін бақытты адам дәл сіз болатын шығарсыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1933543-lotereyada-zoly-bolgan-qazaqstandyq-utyp-algan-qarazatty-aielin-emdetuge-zumsamaq/

pixel