jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Мамандар ең қауіпті диета түрлерін атады

артық салмақ1
Көрнекі фото: pixabay.com

Дәрігерлер денсаулыққа қауіпті диеталар туралы сөз қозғады деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Гастроэнтеролог Нурия Дианова денсаулық қауіпті деп алдымен ақуызды диетаны атап өтті.

Ол тез арықтауға көмектеседі, алайда витамин тапшылығына және қоректік заттардың жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін, дейді маман.

Нурия Дианова аралық ашығу да адам ағзасына зиян екенін, бұл диета түрі панкреатит пен өт тас ауруын туғызатынын жасырған жоқ.

Ал диетолог Михаил Гинсбург сүт, фастфуд, алкоголь және жасанды ингредиенттерден толық бас тартуды қамтитын диеталарды сынға алды.

Оның сөзінше, мұндай тамақтану йод пен темірдің жетіспеушілігін туындатуы ықтимал.

Кето диетасы, яғни көмірсулардан бас тарту денені уландыратын кетондардың пайда болуымен қауіпті, деді Гинсбург.

Маманның дерегінше, төмен көмірсулар диетасын ұстанатын адамдар өз кезегінде фосфолипидтер мен басқа да пайдалы майлардың жетіспеу қаупін тудырады екен.

Мамандар ең қауіпті диета түрлерін атады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.