Қазан айы магниттік дауылдарға толы болмақ: Жойқын дауылдар қай күндері күтіледі
Жарияланған күні:
2021 жылдың қазан айы магниттік дауылдарға толы болмақ. Мұндай дауылдар сезімтал адамдардың денсаулығына әсер етіп, қолайсыздықтар тудырады. Магниттік дауылдардың қазан айында қай күндері күтілетінін pronedra.ru сайты назарға ұсынды.
Жер шарындағы тұрғындардың шамамен 60-75 пайызы магниттік дауылдың әсерін сезінеді. Симптомдар әркімде әрқалай болады.
Геомагниттік ауытқуларды 100 пайыз дәлдікпен болжау мүмкін емес. Мұндай дауылдар Күндегі жарқылдардың салдары болып табылады. Әдетте олар кенеттен пайда болады.
Десе де, мамандар 2021 жылдың қазанында магниттік дауылдардың қай күндері күтілетінін болжап көруге тырысты. Сонымен, сезімтал адамдарға қай күндері абай болу керек:
1 қазан - әлсіз магниттік дауыл, оны денсаулығы жақсы адамдар мүлде сезбейді.
4, 5 қазан - сезуге болатын әлсіз геомагниттік ауытқулар. Бұл күні ауыр физикалық жұмыспен айналыспаған жөн.
10 қазан - белсенді Күн жарқылдарының әсерінен күшті магниттік дауыл күтіледі. Бұл күнде жұмыстардан толыққанды демалуға кеңес беріледі.
18 - 24 қазан - бірнеше магниттік дауыл болады, оның ең үлкені 22-ші қазанда күтіледі. Гипертония немесе жүрек аурулары бар адамдарға бұл күні барынша күтініп жүрген абзал.
29 қазан - әлсіз геомагниттік ауытқулар.
30 қазан - ұзаққа созылатын магниттік дауыл болады деп болжануда.
31 қазан - әлсіз магниттік дауыл.
Магниттік дауылдың салдарымен күресуге болады. Ол үшін сізге:
- алкогольді, энергетикалық сусындарды тұтынбау;
- денсалуыққа зиян тағамдарды жемеу;
- темекі шекпеу;
- психологиялық күйзелістерге түспеуге тырысу;
- ауыр физикалық жүктемені болдырмау;
- ертерек ұйықтау;
- тренингтерден, іскерлік кездесулерден бас тарту;
- өзгелермен жанжалдасудан аулақ болу;
- қажетті мөлшерде су ішу;
- маусымдық көкөністер мен жемістерді тұтыну;
- серуендеу;
- таңертең контрастты душ қабылдау;
- эмоционалдық жүктемелерден аулақ болу;
- қан қысымын бақылап отыру қажет дейді мамандар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1934473-qazan-aiy-magnittik-dauyldarga-toly-bolmaq-zoiqyn-dauyldar-qai-kunderi-kutiledi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.