Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18 жастағы студент "Түркістан аруы" атанды (фото)

Жарияланған күні:

Түркістан аруы
Фото: instagram.com/biba_shhva

18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова "Түркістан аруы-2021" атанды. Ол ағымдағы жылдың қараша айында "Қазақстан аруы" байқауына қатысады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы конкурстың парақшасына сілтеме жасап.

"Ұлттық қазылар алқасы "Түркістан Аруы" ретінде 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапованы таңдады. Сұлтанбибі "Қазақстан Аруы" ұлттық конкурсында онлайн іріктеуден өткен алғашқы жеңімпаз атанды" ,- делінген хабарламада.

Бойжеткеннің жеңімпаз атанғаны айтылған жазбаның астына желі оқырмандары пікірлерін қалдырды.

"Өте сұлу қыз және есімі де әдемі", "Сұлулық әлемді құтқарады", "Көркіне қарап отыра бергің келеді", - деді олар.

Сұлтанбибі Түркістандағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өнер мамандығында оқиды.

Айта кетейік, биыл "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының аймақтық турлары онлайн режимінде өтеді.

Еліміздің барлық өңірлерінен үміткерлерді қазылар алқасы таңдайды. Олар өтінімдерді қарастырып, әрбір қатысушымен онлайн-сұхбат жүргізеді.

Қазылар алқасының құрамында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мадина Сәдуақасова, "Қазақстан аруы-2013" байқауының жеңімпазы әрі тележүргізуші Айдай Исаева, сондай-ақ KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1935882-18-zastagy-student-turkistan-aruy-atandy-foto/