Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тақтар таласының" жалғасы: 2022 жылы шығатын сериалдың алғашқы тизері жарияланды (видео)

Опубликовано:

"Айдаһардың үйі"
Кадр: Twitter / HBO

Танымал "Тақтар таласының" приквелі - "Айдаһардың үйі" телехикаясының алғашқы тизері жарыққа шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Тизерді HBO Max өз YouTube-каналында көпшілік назарына ұсынды.

Премьера НВО Мах арнасында 2022 жылы болады деп жоспарлануда.

Телехикаяда "Тақтар таласына" дейінгі үш жыл бұрынғы кезең көрсетіледі. Телехикаядан Таргариендер үйінің Вестеростағы гүлденген сәтін тамашалауға болады.

Жобаға композитор Рамин Джавади тартылмақ. Телехикая желісі Джордж Мартиннің "От және қан" кітабы негізінде құрылады.

Айта кетсек, 2021 жылдың басында Джордж Мартин HBO-мен қыруар ақшаға бес жылға созылатын эксклюзивті келісімшартқа отырған болатын. "Айдаһардың үйінен" бөлек, WarnerMedia "Тақтар таласы" төңірегіндегі тағы төрт жобаны қолға алған: 10 000 Ships, 9 Voyages / Sea Snake, Flea Bottom және кішкентай аудиторияны қамтитын анимациялық сериал.

Мэтт Смит, телехикаяның басты рөлдерінің бірі - Дэймон Таргариенді сомдайтын болады.

Еске салсақ, бұған дейін HBO Twitter-аккаунтында түсірілім алаңынан суреттерді жария еткенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1935887-taqtar-talasynyn-zalgasy-2022-zyly-sygatyn-serialdyn-algasqy-tizeri-zariyalandy-video/

pixel