Өкпенің қатерлі ісігін туындатуы мүмкін танымал дәрумендер аталды
Жарияланған күні:
В6 және В12 дәрумендерін мөлшерден тыс пайдалану өкпенің қатерлі ісігінің пайда болу қаупін арттырады деп жазады РИА Новости.
Басылымның жазуынша, Огайо штаты университетінің ғалымдары 77 мыңнан астам адамға зерттеу жүргізген.
Мамандар адамдардан В тобына жататын дәрумендер тобын қаншалықты жиі тұтынатынын сұраған. Сондай-ақ, қабылдаған дәрумендер мөлшері мен өткен он жылдағы тамақтану рационы есепке алынған.
Алты жылдан кейін зерттеушілер өкпенің қатерлі ісігінің белгілерін анықтау үшін зерттеуге қатысушылардың денсаулығын тексерген.
Осы кезде мамандар В12 дәруменін қабылдаған адамдарда өкпенің қатерлі ісігі қаупі 30 пайызға, ал В6 витаминін қабылдағандарда қауіптің 40 пайызға жоғарылағанын анықтаған.
Одан бөлек, бұл дәрумендерді көп мөлшерде қабылдау ер адамдар үшін аса қауіпті болып шықты.
"В12 дәруменін тәулігіне 55 микрограммнан көп қабылдаған ер адамдарда В тобындағы дәрумендерді қабылдамаған ер азаматтармен салыстырғанда өкпе ісігінің даму қаупі 98 пайызға жоғары болды", - дейді зерттеу авторларының бірі Теодор Браски.
Сонымен қатар, зерттеу материалында балық, қызыл ет және үй тауығының өнімдері В6 және В12 дәрумендеріне бай екені айтылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1937680-okpenin-qaterli-isigin-tuyndatuy-mumkin-tanymal-darumender-ataldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.