Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Психологтар ер адамдардың әйелдерді еш себепсіз тастап кетуінің себебін анықтады

Опубликовано:

Жұп
Көрнекі фото: pixabay.com

Психологтар қандай адамдар еш себепсіз қарым-қатынасты тоқтатуға (гостинг) бейім екенін анықтады деп хабарлайды Газета.Ru.

Ара-қатынасты аяқ астынан, ескертпей тоқтатқан адамдарда нарциссизм, макиавеллизм және психопатия сынды жеке қасиеттер болуы мүмкін.

Мұндай қорытындыны Италиядағы Падуа университетінің Питер Джонсон бастаған зерттеушілері 341 ересек еріктіні зерттей отырып, жасаған.

Ғалымдар қатысушылардың 51 пайызы бір кездері қарым-қатынасты тоқтату үшін кенеттен жоғалып кеткенін анықтаған.

Содан кейін зерттеушілер қатысушылардың психологиялық портретін жасап, осындай қадамға барғандар мұны қалыпты деп санайтынын, екіншіден олар психопатиялық және макиавеллистік қасиеттерге бейім екенін анықтаған.

Сонымен қатар, мұндай қасиетке ие адамдар гостингті қысқа мерзімді қарым-қатынастарды тоқтатудың оңтайлы әдісі ретінде қарастырады екен.

"Гостингке негізінен қарым-қатынасқа аз күш салып, еш міндеттемесіз жыныстық қатынасқа қызығушылық танытатындар бейім келеді", - дейді зерттеу авторларының бірі.

Одан бөлек, қарым-қатынасты тоқтатудың мұндай әдісі нарциссист әйелдерге қарағанда нарциссист ер адамдарға көбірек тән болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1940237-psixologtar-er-adamdardyn-aielderdi-es-sebepsiz-tastap-keteuinin-sebebin-anyqtady/

pixel