Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болат Өтемұратов қоры Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалын салады

Опубликовано:

Әуежай
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалын салу бойынша Болат Өтемұратов қорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісімнің мақсаты – заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жолаушылар ағымын өткізу қабілетін кеңейтетін жаңа заманауи әуежай терминалының құрылысы. Жаңартудан кейін әуежай сағатына 300 жолаушыға қызмет көрсете алады, бұл жолаушылар ағымын екі есе арттырады.

Қор жобаны толығымен қаржыландыруды көздеп отыр, оның басталуы 2022 жылға жоспарланған. Жаңа терминал 3,9 гектар аумақта орналасады. Құрылыс аяқталған соң терминал Қызылорда облысы әкімдігінің басқаруына беріледі.

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, әуежайды кеңейту – көптен бері талқыланып келе жатқан өзекті мәселе.

«Жаңа әуежай құрылысының құны жоғары болғандықтан, біз қолданыстағы инфрақұрылымды кеңейтіп, халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп, жаңа терминал салу - ең қолайлы шешім болады деп санаймыз. Меморандум аясындағы Болат Өтемұратов Қорының қаржылық қолдауы бұл стратегиялық маңызды жобаны тез әрі уақтылы жүзеге асыруға көмектеседі», - деді аймақ басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1942835-bolat-otemuratov-qory-qyzylorda-qalasyndagy-qorqyt-ata-auezaiynyn-zana-terminalyn-salady/

pixel