"Астың қорытылуын тездетеді": Қытайлық БАҚ құрттың пайдасы жайлы жазды
Опубликовано:

Қытайдың kazcnr.com ақпараттық порталы құрттың адам денсаулығына пайдасы жайлы жазды, деп хабарлайды Қазақпарат.
Қазақтың дәстүрлі тағамы төрт түрлі емдік қасиетке ие.
Біріншісі - құрт тамақты сіңіруге әсер етеді, тамақтан кейін құрт жесеңіз, ас тез қорытылады.
Екінші бір пайдасы - құрт запыранды басады.
Үшіншіден, құрт іш өтуді тоқтатады. Іші өткен адам күніне үш тал құрт жесе іші дереу тоқтайды екен.
Құрттың төртінші бір маңызды қасиеті - адам үнемі құрт жесе, ағзаға қажетті кальций, мырыш, магний, фосфор сияқты минералды заттар қатары ұлғаяды.
"Кальцийдің ең негізгі қайнар көзі - құрт. Сондықтан қазақтың осы бір ұлттық тағамын үнемі жеп тұруды ұмытпайық", - деп жазады қытайлық БАҚ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1943198-astyn-qortyluyn-tezdetedi-qytailyq-baq-qurttyn-paidasy-zaily-zazdy/