Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Испанияда 30 жыл бұрын су астына кеткен ауыл қайта пайда болды

Опубликовано:

Асередо
Фото: instagram.com/paulossilvareis

Испанияда 1992 жылы су электр станциясы шлюздерінің жабылуына байланысты су астына кеткен Асередо ауылы қайта пайда болды, деп хабарлайды Би-би-би.

Испания мен Португалия 1968 жылы Лима өзенін Лидосо бөгетін салу үшін пайдалануға келіскен кезде Асередо ауылының болашағына қауіп төнген еді.

Лима жағалауындағы ауылдарды су басатын болғандықтан, тұрғындарды басқа жерлерге қоныстандыру қажет болды. Алайда жергілікті ауыл тұрғындары мұнымен келіспеді.

Тіпті ауыл тұрғындарын көшіру үшін португалиялық EDP су электр компаниясы оларға ақша ұсынған. Десе де, Асередода тұратын адамдардың көпшілігі бастапқыда үйлерін тастағысы келмеді. Олар наразылық танытып, аштық жариялады.

Бірақ соңында компания тұрғындарды көшуге көндііп, сөйтіп ауылды су басқан еді.

Асередо тұрғындары, төңіректегі басқа да ауыл тұрғындары сияқты, үйлерін біржола тастап кетуге мәжбүр болды. Шағын ауылдағы үйлер мен ғимараттар қирандылары су астында қалып қойды.

Бірақбиыл Португалияның Линдосо су қоймасындағы су деңгейі төмендегенде, жер бетінде Асередо қайта пайда болады.

Ғимараттардың көбінің қабырғалары құлаған, терезе жақтаулары бос қалған, бірақ 30 жылға жуық уақыт бойы су астында жатқан ауылдың кейбір құрылымдары сол қалпында сақталған.

Сонымен қатар, ауылда тас қабырғалармен қоршалған ауыл шаруашылығы жерлерінің сұлбасы, сондай-ақ ескі жолдар мен соқпақтар жақсы сақталған.

Үйінділер арасында ескі көліктер мен ауыл тұрғындарының жеке заттары әлі күнге дейін сақталған, металл уақыт өте келе тот басқанымен, кейбір заттар, мысалы, шыны бөтелкелер ауыл тұрғындары осы мекенді тастап кеткен күнгідей күйде қалған.

Асередодан басқа тағы төрт ауыл су астына кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1943856-ispaniyada-30-zyl-buryn-su-astyna-ketken-auyl-qaita-paida-boldy/

pixel