Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

30-дан асқан соң мидың жұмысын қалай жақсартуға болады

Опубликовано:

ми
Көрнекі фото: pixabay.com

Нью-Йорк университетінің ғылыми зертханасын басқаратын Венди Сузуки физикалық қимыл-қозғалыстың адам миына әсерін зерттеп, кітап жазып шықты. Ол аэробты жаттығулардың адам зейіні мен есте сақтау қабілетіне әсері барын анықтады. Нейробиолог әсіресе 30-40 жас аралығында ми жүйесіне аса көңіл бөлу қажеттігін айтады, деп жазады Elle.ru.

Венди Сузуки өзінің "Мидың жұмысына тәнті болған ерекше қыз. Нейробиологияны жатқа білу бақытты, табысты болуға қалай көмектеседі" кітабында мидың белсенді жұмыс істеуіне әсер ететін физикалық жаттығулардың авторлық әдістемесін ойлап тапқан.

Нейробиолог 30-дан асқан адамдарға мидың қалыпты жұмыс істеуі үшін не істеу керектігін айтады.

"Менің ойымша, мидың дұрыс жұмыс істеуіне адамдар 30 бен 40 жас аралығында ерекше мән беру қажет. Бұл жаста адамда өмірінің соңына дейін өзімен қалатын әдеттер қалыптасады. Осы жаста өзіңізге жақын физикалық қимыл-қозғалыстың тұрақты формасын таңдап, оны өміріңіздің бір бөлшегіне айналдыруыңыз қажет.

Тұрақты жаттығулар миды қалпында ұстап тұруға көмектессе, ол адамның көңіл-күйіне, зейіні мен ішкі жан дүниесіне тікелей әсер етеді. Белсенділік мидың жұмысын шынында да жақсартады. Өмір салтындағы оң өзгерістер миды болашақта түрлі аурудан қорғауға себепші", - дейді ғалым.

Сондай-ақ, Венди Сузуки басылымға мидың жақсы жұмыс істеуіне жыныстық қатынастың да әсер ететінін айта кетті.

"Жыныстық қатынастың әсерінен миға қажетті эндорфиндер, нейромедиаторлар мен көңіл-күйді көтеретін басқа да гормондарды бөлінеді, сондықтан миға пайдалы", - дейді нейробиолог.

Венди 7-8 желтоқсан күні Алматы қаласында өтетін EdCrunch Glocal жаһандық конференциясына келеді. 8 жыл бұрын құрылған конференция ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қазақстанда алғаш рет өтпек. Іс-шараға Мәскеу, Тель-Авив пен Сингапурдегі жергілікті онлайн-студиялардың спикерлері қосылады.

Биылғы конференцияның басты тақырыбы – «Жаңа білім беру тәжірибесін жобалау» (Learning experience design). 25 елден келген 400-ден астам спикер 150 сараптамалық сессия, панельдік пікірталас және шеберлік сыныптарын өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1944925-30-dan-asqan-son-midyn-zumysyn-qalai-zaqsartuga-bolady/

pixel