Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал "оливье" салатының шығу тарихы қандай

Опубликовано:

оливье
Көрнекі фото: pxhere.com

Халық арасында өте танымал "оливье" салатын француз аспазы Люсьен Оливер ойлап тапқан. Салат ең алғаш рет сиыр тілінен әзірленген, деп жазады wi-fi.ru.

Басылымның мәліметінше, 1860 жылы француз аспазы Люсьен Оливер Мәскеудегі танымал мейрамханада жұмыс істейтін ағасына көмектесуге келген.

Оның шеберлігін байқағандар Оливерді "Эрмитаж" мейрамханасының бас аспазы болуға шақырады.

Талантты маман қайталанбас рецепттер ойлап тауып, тапсырыс берген компаниялардың бірі үшін майонез қосылған салатты ұсынған. Оның құрамына сиырдың тілі, уылдырық, сорпадан желе, каперс пен майонез кірген.

Салат қонақтарға аса ұнай қоймаған. Дегенмен олар ертесіне қайта келіп, ингредиенттерді ұсақтап төртбұрышты етіп турап, міндетті түрде майонезбен араластыруын өтінген.

Осыдан кейін тұрғындар ерекше салаттың дәмін татып көру үшін мейрамханаға көбірек келетін болған.

Люсьен Оливер қайтыс болғаннан кейін бұл рецепт ұмытылып кеткен. Алайда ақпарат құпия ретінде сақталып, салатты тек "Москва" мейрамханасында әзірлеген.

КСРО кезеңінде салаттың бастапқы құрамындағы заттарды табу мүмкін болмапты. Осылайша, рецепт құрамы көпшілікке қолжетімді азық-түлік түрлеріне ауысқан көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1946913-tanymal-olive-salatynyn-sygu-tarixy-qandai/

pixel