Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нутрициолог апельсиннің адам ағзасына кері әсерін айтып берді

Опубликовано:

апельсин
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейлік нутрициолог Юлия Половинская апельсиннің адам ағзасына тигізер пайдасы мен зияны туралы айтып берді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Апельсин өте пайдалы, құрамында микро және макроэлементтер көп. Бір апельсинде С дәруменінің тәуліктік нормасы бар. Апельсиннің құрамында ағзаның дамуын реттейтін және антиоксиданттық әсерге ие заттар - флавоноидтер де бар.

Сондай-ақ, апельсин қан қысымын төмендетеді, жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтады, сонымені брге, ыстық түсіретін әсерге ие, жараларды емдеуде қолданылады, холестерин деңгейін төмендетеді, жастық пен сұлулықты ұзақ сақтауға көмектеседі", - дейді Половинская.

Алайда маман апельсин кез келген цитрустық жеміс секілді күшті аллерген екенін атап өтті. Жемісті шамадан көп жеген кезде аллергиялық реакциялар беріп, адам тіпті анафилактикалық шок алуы мүмкін.

Сонымен қатар, нутрициолог асқазан-ішек жолдарында проблемасы бар азаматтар апельсинді ашқарынға жемегені жөн екенін айта кетті.

Одан бөлек, апельсиннің қышқылдығы жоғары, ол тіс эмаліне зиянын тигізуі ықтимал. Сондықтан, апельсин жегеннен кейін ауызды сумен шайып немесе түтікше арқылы апельсин шырынын ішкен дұрыс дейді Юлия Половинская.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1947654-nutriciolog-apelsinnin-adamga-qandai-ziyan-tigizetinin-aityp-berdi/

pixel