jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

2021 жылы ең көп қолданылған құпиясөздер қандай

Құпиясөз
Көрнекі сурет: pixabay.com

Құпиясөздерді басқарумен және киберқауіпсіздікпен айналысатын NordPass компаниясы биыл әлем бойынша ең танымал болған құпиясөздер жайында жыл сайынғы есебін жариялады, деп хабарлайды Elorda.info.

Қазіргі таңда қандай да бір сайтқа тіркелерде қолданушыға құпиясөздің қандай болуы керектігі жөнінде қосымша кеңестер беріледі. Алайда, мамандардың айтуынша, көп адам әлі күнге дейін өте жеңіл құпиясөздерді қолданады.

Жиі қолданылатын құпиясөздер тізімінде password, qwerty және 123456 деген сандар комбинациясы бар. Онымен қоса көпшілік құпиясөз ретінде өздерінің есімін, сүйікті спорт командаларының, музыкалық топтардың атын, көлік маркаларын және сүйікті қаһармандарының атын қолданады.

Сонымен, ең жиі кездесетін құпиясөздер мыналар:

123456 — 103,1 млн адам;

123456789 — 46 млн адам;

12345 — 32,9 млн адам;

qwerty — 22,3 млн адам;

password — 20,9 млн адам;

12345678 — 14,7 млн адам;

111111 — 13,3 млн адам;

123123 — 10,2 млн адам;

1234567890 — 9,6 млн адам;

1234567 — 9 млн адам.

Одан бөлек, iloveyou, dragon, princess, computer, pokemon сөздерін құпиясөз ретінде көп адам қолданған.

2021 жылы ең көп қолданылған құпиясөздер қандай

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.