Ресейлік ғалымдар "омикрон" штамын анықтауға мүмкіндік беретін тест жасады

Опубликовано:

Қазақстанда тағы 83 адамнан коронавирус анықталды
Көрнекі фото: Vincent Duterne / Photonews via Getty Images

Ресейлік ғалымдар коронавирусты ғана емес, "омикрон" штамын да анықтай алатын тест жасап шығарды, деп хабарлайды РИА Новости.

Басылым мәліметінше, ғалымдардың бұл жаңалығын "Вектор" мемлекеттік ғылыми орталығының директоры Ринат Максютов хабарлаған.

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл-ауқатын қадағалау федералды қызметінің ғылыми ұйымдарында SАRS-CoV-2-тың барлық нұсқаларын анықтауға, сонымен қатар "омикрон" штамын анықтауға мүмкіндік беретін тест әзірленді.

Яғни, мұндай тестті пайдалана отырып, біз бірден екі сұраққа жауап береміз: адам SАРS-CoV-2 вирусын жұқтырған ба, егер ол жұқтырса, бұл "омикрон" штамы ма, жоқ па?", - дейді Максютов.

Ринат Максютов қазір тест лабораториялық зерттеулерден өтіп жатқанын атап өтті. Егер қажеттілік туындаса, тіркеуге алынып, адамдарға қолданыла бастайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1948173-reseilik-galymdar-omikron-stamyn-anyqtauga-mumkindik-beretin-test-zasady/