Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағымды тұсы көп": Нумеролог-жұлдызшы 2022 жылдан не күтуге болатынын айтты

Опубликовано:

жыл
Көрнекі фото: pixabay.com

Санаулы сағаттан соң күнтізбе бойынша 2022 жылға аяқ басамыз. Нумерологтар жаңа жылдың үш бірдей екіліктен тұратынын, демек оның энергетикалық өрісі олардың қосындысына, яғни 6 санына байланысты болатынын айтады. Келер жылдың символдық мәні туралы нумеролог-жұлдызшы Дана Кәріпқызы KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берді.

Нумерология - 1-ден 9-ға дейінгі сандардың рухани мәніне негізделген тұжырымдар жүйесі. Алдағы жылдың әмбебап саны - 6, бұл 2022 саны құрамының қосындысы. Нумерологтың сөзінше, осы цифр жылдың қандай болатыны туралы айтуға мүмкіндік береді.

"2022 жылға біз ғажайып 6 санымен бірге аяқ басамыз. Бұл санның жағымды тұсы көп. Салыстырмалы түрде айтар болсам, мысалы, биыл, 2021 жылы біз 5 санының энергетикалық өрісінің ықпалында болдық. Әдетте ол сабырсыздықпен ассосацияланып, гармонияны бұзатын сан болып есептеледі, сондықтан жағымсыз жаңалықтар көп болды деп ойлаймын. Жалпы айтқанда, 2021 жыл әлем үшін белгісіздікпен, күтпеген оқыс оқиғалармен есте қалғанын білеміз", - дейді Дана Кәріпқызы.

Нумерологтың айтуынша, 6 саны беретін энергетика мүлде басқа.

"Біріншіден, 6 саны тұрақтылық пен мейірімді білдіреді. Нумерологияда бұл сан адамзатқа деген махаббат, гуманизм, біреуге қол ұшын беруге дайын тұратын қасиетті дәріптейді. Сондай-ақ, бұл жылы іштей, рухани өсу үшін жайлы жыл. Алтылық әлемді құтқару үшін ерлік жасауға, оны жақсартуға қолайлы жыл болуы ғажап емес. Жалпы 6 саны нумерология бойынша ата-ананың мейірімі мен қолдауын білдіреді. 6 саны - отбасылық цифр, сондықтан жыл бойы жақындарымызбен, туған-туыстарымызбен жиі кездесуге көңіліміз ауып тұратын болады. Пандемияның кесірінен хабар алыспай жүрген адамдарыңызбен жолығуға таптырмас уақыт", - дейді нумеролог.

Маман жаңа жылда жақындарыңыз бен жора-жолдастарыңызға жиі қоңырау шалып, жолығып тұруға кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1949439-zagymdy-tusy-kop-numerolog-zuldyzsy-2022-zyldan-ne-kutuge-bolatynyn-aitty/

pixel