Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар ұйқысыздыққа шалдығудың себебін айтты

Опубликовано:

Ұйқы
Көрнекі фото: Pexels

Ғалымдар D дәруменінің ағзаға жетіспеушілігі ұйқысыздыққа шалдығуға себеп болатынын мәлімдеді, деп жазады mk.ru.

Мамандардың мәліметінше, соңғы зерттеу бұл дәруменнің адам ағзасында маңызды рөл атқаратынын көрсеткен.

Ғалымдар сегіз апта бойы 20 мен 50 жас аралығындағы адамдардың екі тобын бақылаған. Бірінші топқа күнделікті 3500 халықаралық бірлік (ХБ) D дәрумені, ал екіншісіне плацебо берілген.

Нәтижесінде D дәруменін пайдаланған алғашқы топ қатысушыларының ұйқысы айтарлықтай жақсарғаны анықталған. Олар бір сағатқа артық ұйықтап, өздерін жайлы сезінгенін айтқан.

Ғалымдардың сөзінше, ұйқының қанбауы - артық салмақ жиналып, көңіл күйдің түсуіне, тіпті күйзеліске ұшырауға себеп болуы мүмкін. Сол себепті мамандар ағзадағы D дәруменінің деңгейін бақылауға кеңес береді.

Сонымен бірге, зерттеушілер D дәруменін сары майдан, қатты ірімшіктер мен майлы балықтан алуға болатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1952814-galymdar-uiqysyzdyqqa-saldygudyn-sebebin-aitty/

pixel