Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үнемдеудің жаңа тәсілі: АҚШ тұрғыны көп реттік "әжетхана қағазын" ойлап тапты

Опубликовано:

Әжетхана қағазы
Көрнекі сурет: pixabay.com

АҚШ-тың Канзас-Сити қаласында тұратын әйел көп рет қолдануға болатын "әжетхана қағазын" ойлап тапты. Анджела Коффман қарапайым әжетхана қағазынан бас тарту оған ай сайын 20 доллар үнемдеуге мүмкіндік беретінін айтып отыр. Бұл туралы The Sun басылымы жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Миссури штаты Канзас-Сити қаласының тұрғыны Анджела Коффман матаны бірнеше бөлікке қиып, оны көп реттік әжетхана қағазына айналдырған.

Анджела Коффман
Фото: TLC

Оның осылай қолдан жасаған "әжетхана қағазын" бүкіл отбасы қолданады. Кір болған "әжетхана қағазын" ол арнайы шелекке жинап, соңынан тазалап, жуады. Таза болғасын, қайтадан пайдаланады.

Қағаз
Скриншот: TLC

"Бізде кішкентай қоқыс шелегі бар. Ішінде кішігірім "әжетхана қағазын" сақтаймыз. Кейінірек оны қайтадан жуып, қолданамыз. Орта таптағы отбасы ретінде табысымыз жаман емес. Бірақ әжетхана қағазын алу үшін ақша құртқым келмейді. Осындай матадан жасалған "қағазды" қолдану арқылы біз ай сайын 20 доллар үнемдеп отырмыз. Бұл дегенің жылына 240 долларды құрайды", – дейді Анджела.

Қағаз
Скриншот: TLC

Айта кетерлігі, Анджеланың отбасымен бірге қолдан жасалған "әжетхана қағазын" қолданып келе жатқанына бес жылдан асты. Десе де, үнемдеудің мұндай әдісі барлығына бірдей ұнай бермейтін көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1953461-unemdeudin-zana-tasili-aqs-turgyny-kop-rettik-azetxana-qagazyn-oilap-tapty-foto/

pixel