Ғалымдар диета адам өмірін 10 жылға ұзартатынын дәлелдеді
Жарияланған күні:
Норвегияның Берген университетінің ғалымдары зиянды тамақтан бас тарту - адам өмірін ұзартуға көмектесетінін анықтады, деп жазады Газета.ru.
Зерттеу қорытындысы PLOS Medicine журналында жарияланған.
Мамандар бірнеше мың жас әйел мен ер адамның қатысуымен зерттеу жүргізген. Нәтижесінде майлы, тұзды тағамдардан, қызыл еттен, жартылай фабрикаттар мен тәттілерден бас тарту - адам денсаулығын айтарлықтай жақсартатыны анықталған.
Бұл үшін мейлінше дұрыс тамақтануға көшіп, бұршақ, балғын жеміс-жидек пен көкөністі, жаңғақтар мен тұтас дәнді өнімдерді тұтыну қажет.
Осылайша, зерттеушілер тамақтану рационындағы мұндай өзгерістер өмір сүру ұзақтығын шамамен 10 жылға ұзартуы мүмкін деген қорытындыға келген.
"Әртүрлі тағамдардың қаншалықты пайдалы екенін түсіну адамдарға денсаулығының айтарлықтай жақсаруына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өмір сүру ұзақтығын арттыруға көмектеседі", - дейді ғалым Ларс Фаянсе.
Айта кетсек, бұған дейін Эдинбург университетінің мамандары зерттеу жүргізіп, парацетамолды ұзақ уақыт қолдану қан қысымы жоғары науқастарда жүрек ауруы мен инсульт алу ықтималдығын арттыратынын анықтаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1955445-galymdar-dieta-adam-omirin-10-zylga-uzartatynyn-daleldedi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.